Шығыс Қазақстанда 13 жоба жүзеге асып, 1300 жұмыс орны ашылады

(Дауыстар: 1)
Шығыс Қазақстанда 13 жоба жүзеге асып, 1300 жұмыс орны ашылады

Биыл Шығыс Қазақстан облысында үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша 29,5 млрд. теңгенің 13 жобасы жүзеге асырылып, 1300 жаңа жұмыс орны ашылады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Іске қосылатын нысандардың қатарында Күршім ауданындағы мыс концентраты және катодты мыс өндірісінің тау-кен кешені, Ұлан ауданындағы Бестер гибридті бекіре балықтарының еті мен уылдырығы өндірісі, Абай ауданындағы «Мақсұт» кенішінде ашылатын кен-байыту цехы сияқты ірі кәсіпорындар бар.

- Аймақтың ауыл шаруашылығы кешенінде биыл 12,4 млрд. теңгенің 95 инвестициялық жобасы жүзеге асырылады. Ағымдағы жылы осы салаға 14,2 млрд. теңге субсидия бөлінбек, бұл былтырғыдан 1,6 млрд. теңгеге көп. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында облыс кәсіпкерлерін қолдауға бөлінген қаржы да екі есеге көбейіп, барлығы 4,9 млрд. теңге қаражат бөлінеді. Бағдарламаға қатысушылар құрылыс материалдары, тамақ өндірістерін, техникалық қамту қызметі, басқа да кәсіптерді ашуды жоспарлап отыр, - дейді Шығыс Қазақстан облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Сәуле Ұлақова.

Жанаргүл Мұқатай
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар