Бельгия мен Шығыс Қазақстан арасында әріптестік нығая бермек

(Дауыстар: 1)
Бельгия мен Шығыс Қазақстан арасында әріптестік нығая бермек

Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов өңірімізге екі күндік сапармен келген Бельгия Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Мишель Петерманспен кездесіп, екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бельгия Корольдігінің Қазақстандағы елшісі Мишель Петерманс облыс әкіміне жылы жүзді кездесу үшін үлкен алғысын жеткізе келе, Даниал Ахметовті өңір әкімі болып қайта тағайындалуымен құттықтады. Сондай-ақ, Қазақстан мен Бельгия арасында сауда-экономикалық, рухани-мәдени, достық қарымқатынастардың табысты дамып келе жатқанын ерекше атап өте келе, өңірлер арасындағы байланысты дамытудың маңыздылығына тоқталды.

- Біздің бұл сапарымыздың мақсаты - екіжақты қарым-қатынасты дамытуға ықпал етіп, аймақтың әлеуетімен жақын танысу, - деді елші.

Осы арада Шығыс Қазақстан облысы мен Бельгия арасындағы ынтымақтастықтың 2010 жылы АВЕКС-пен (экспорт бойынша Валлон агенттігі) облыс арасында қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандум аясында жүзеге асып келе жатқанын да айта кеткен орынды.

Бельгия - Еуропадағы жоғары қарқынмен дамып келе жатқан мемлекет. Бүкіләлемдік сауда ұйымының соңғы мәліметтері бойынша, 2013 жылы Бельгия тауар экспорты бойынша әлемде 12-ші, тауар импорты бойынша 13-ші орынға тұрақтаса, экспорт және импорт қызметі бойынша 15-ші орында. Бельгия әлем нарығына көкөністер мен жемістер, шошқа еті мен сиыр етін, сүт өнімдері мен кондитерлік өнімдерді экспорттайды. Сондай-ақ, Бельгия ядролық энергия саласы бойынша да әлемдегі көшбасшы мемлекеттердің бірі болып табылады.

Қазіргі таңда бельгиялық кәсіпкерлер Қазақстанның аймақтарына, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысына да ерекше көңіл бөліп, бірқатар салаларда бірлескен жобаларды қолға алуға ерекше ынта танытып отыр.

Өз кезегінде ШҚО әкімі Даниал Ахметов мәртебелі мейманға уақыт тауып өңірімізге келгені үшін үлкен алғысын жеткізе келіп, оған облыс туралы, оның экономикалық мүмкіндіктері жайында кеңінен әңгімелеп берді.

- Шығыс Қазақстан - еліміздің атом индустриясы жақсы дамыған аймағы. Мұнда инновациялық кәсіпорындар өнімді жұмыс істейді. Автомобиль өндірісі де жолға қойылған. Біз бельгиялықтармен инновациялық технология, ауыл шаруашылығы, мал өнімдерін өңдеу, тамақ өнеркәсібі саласында тығыз әріптестік орнатқымыз келеді, - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Облыс әкімімен болған кездесуден кейін журналистерге берген сұхбатында елші мырза:

- Біз кәсіпорындарда ғана болған жоқпыз, қаланы да аралап үлгердік. Өскемен жап-жасыл, әдемі қала екен. Әсіресе, қаланың сол жағалауында қоныс тепкен этноауыл ерекше әсерге бөледі, - деді.

Екі күндік сапар кезінде Бельгия Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Мишель Петерманс өңірдегі «УМЗ» АҚ, «Казцинк» ЖШС секілді іргелі кәсіпорындардың жұмысымен танысып, облыс кәсіпкерлерімен, сондай-ақ, қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша «Экологиялық қауіпсіздік орталығы» ЖШС мен ҮЕҰ өкілдерімен, «Радиациялық медицина және экология» ғылымизерттеу институты басшылығымен кездесіп, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-де болды.

Мейрамтай Иманғали
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар