Сүт өндіретін шаруашылықтарға жеңілдіктер көрсетіледі

(Дауыстар: 1)
Сүт өндіретін шаруашылықтарға жеңілдіктер көрсетіледі

Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов өңірдегі 30 ірі егін шаруашылық құрылымдарының басшыларымен кездесті. Кездесу барысында егіншілікпен айналысатын шаруа қожалықтарының мал шаруашылығына, соның ішінде сүт өндіру және өңдеу ісіне бет бұру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ауылшаруашылық өндірісін әртараптандыру арқылы халықты жыл он екі ай жұмыспен қамту - агроөнеркәсіп құрылымдарының алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі. Ал тиісті мемлекеттік органдар егіншілікпен қатар сүтті мал шаруашылығын қатар алып жүруге бет бұрған шаруаларға қажетті жағдай жасауы тиіс. Осы орайда облыс басшылығы екі жылдың ішінде 37 тауарлы-сүт фермасын құрып, 115 елді мекенде халықтан сүт қабылдау пункттерін ашуды жоспарлап отыр. Осының нәтижесінде облыс аумағындағы сүт зауыттары 54 пайыз шикізатпен қамтылады деп күтілуде.

- Мал шаруашылығы мен егіншілікті бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Бұл екі кәсіп бір-бірін толықтырып отырады. Біржақты мал шаруашылығына бет бұруға мәжбүрлеп отырған жоқпыз. Аз көлемде болса да, сүтті мал шаруашылығына көшу қажет. Бұл кәсіптің келешегі де зор, табысы да қомақты. Сіздерге жоспарларыңызға сәйкес 100, 200, 400 және 600 басқа арналған тауарлы-сүт фермаларының дайын типтік жобаларын ұсынамыз. Кейбір аудандарда осы кәсіпті қолға алғандарға қосымша суармалы жерлер бөлеміз, - деді ШҚО әкімі.

Аймақ басшысының тапсырмасына орай, Глубокое, Бородулиха, Зырян, Ұлан, Көкпекті, Шемонайха аудандарындағы 31 ауылшаруашылық құрылымының мүмкіндіктері жан-жақты зерделенген болатын. Солардың 22-сі мал шаруашылығы мен тауарлы-сүт фермаларын құруға ниет танытып отыр. Мәселен, өскемендік «Восток Агрохолдинг» ЖШС голландиялық компаниямен бірге екі бірдей ферманың құрылысын бастап кетті.

Жиын барысында сүтті мал шаруашылығына көңіл бөлген шаруаларға мемлекет тарапынан көрсетілетін өзге де жеңілдіктер мен қолдау тетіктері жөнінде толық мәлімет ұсынылып, қожалық иелерінің ұсыныс-тілектері де назарға алынды.

Есімжан Нақтыбайұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар