Қазақстанда алғаш рет «Жас жүргізушілер» облыстық конкурсы өткізілді

(Дауыстар: 1)
Қазақстанда алғаш рет «Жас жүргізушілер» облыстық конкурсы өткізілді

Өскемен қаласында 11 сынып оқушылары арасында алғаш рет «Жас жүргізушілер» атты облыстық конкурс өткізілді. 48 оқушы (16 команда) мектепте авто жүргізу ісі сабақтарында алған білімдері мен дағдыларын көрсетуге мүмкіншілік алды., деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі ШҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған конкурс ШҚО ІІД Әкімшілік полициясы басқармасы мен Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының бастамасымен ұйымдастырылды.

Қазақстанда алғаш рет «Жас жүргізушілер» облыстық конкурсы өткізілді

Конкурс барысында оқушылар команда сәлемдесуі, жол жүру ережелерін білуге тестілер тапсыру, жол-көлік оқиғасынан жарақат алғандарға бірінші медициналық көмек көрсету сияқты түрлі тапсырмалар орындады. Аталған кезеңдерден сүрінбей өткен жарыс қатысушылары автодромда көлік жүргізу сынағынан өтуге мүмкіндік алды.

Жарыс нәтижесі бойынша бірінші орынды Өскемен қаласы әкімдігінің «Қашықтан және бейінді оқыту мектебі – ресурстік орталығы» оқушылары иеленді. Екінші орынға Үржар ауданы әкімдігінің Абай атындағы мектеп оқушылары табан тіресе, үшінші орынды Өскемен қаласы әкімдігінің № 45 бейінді мектебінің оқушылары иеленді. Сондай-ақ, әр сайыс кезеңдері бойынша жеке номинациялар бойынша үздіктер анықталды. Жеңімпаздар Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дене шынықтыру және қосымша білім беру орталығы мен Қызыл жарты ай қоғамының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы әзірлеген грамоталарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Қазақстанда алғаш рет «Жас жүргізушілер» облыстық конкурсы өткізілді

Осындай облыстық конкурс алғаш рет өткізілгенін айта кету қажет. Ұйымдастырушылар «Жас жүргізушілер» жарысы дәстүрлі сипат алып, жыл сайын тек облыстық көлемде ғана емес, республикалық көлемде де өткізілсе деген үміттерін білдірді.

- 15 жыл бұрын Өскемен қаласында Егемен Қазақстандағы алғашқы қозғалыс жас инспекторларының (ҚЖИ) слеті өткізілген болатын. ҚЖИ белсенді қызметінің 15 жылы ішінде Шығыс Қазақстан облысында 350 000 жасөспірімнің қатысуымен 300 ҚЖИ жиыны өткізілді. Жыл сайын Ғазиз Байтасов атындағы республикалық слеттер өткізіліп отырады. Қозғалыс жас инспекторларының негізгі міндеті - балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу және бұл бағытта олар аянбай еңбек етуде.

-Жас жүргізушілер байқауы бұдан былай осындай ауқымда өткізіліп, балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу шараларына айтарлықтай үлес қосатынына сеніміміз мол, - деп өз ойымен бөлісті ШҚО ІІД ӘПБ аға инспекторы, полиция майоры Ақгүл Атудинова.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар