Мұражай түні спорт пен өнерге арналды

(Дауыстар: 1)
Мұражай түні спорт пен өнерге арналды

Жыл сайынғы Халықаралық мұражай күніне арналып өткізілетін «Мұражай түні» акциясын Шығыс Қазақстан өнер мұражайы биыл «Спорт + өнер = тән х рух» деген атпен адамның тәні мен жанының саулығын насихаттауға арнады. Бірі «дене тәрбиесінің мұғалімі», бірі экскурсия жүргізуші – музейдің екі қызметкері келушілерді ілтипатпен қарсы алып, алдымен түрлі спорттық жаттығулар жасатып, содан соң көрме залын аралап, тамашалатуға әкетіп жатты.

Мұражай түні спорт пен өнерге арналды

Көрме залы бүгін тамашалауға әбден болатындай жабдықталған. Мұнда фотосуреттің нағыз майталман шеберлері Чакилевтер отбасының спорт тақырыбына түсірілген фотокөрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өткізілді. Өнер сүйер қауым өкілдері көрме туралы жылы лебіздерін білдіріп, өнер мұражайының директоры Нұржази Әнуарбекқызы Қалиева Чакилевтер отбасын фотокөрменің ашылуымен құттықтап, Шығыс Қазақстан өнер мұражайының кескіндеме коллекциясының каталогын сыйға тартты, Алғыс хаттар тапсырды.

Бұл отбасының өздерінің де, балаларының да, енді немерелерінің де айналысатын ортақ әуестіктері – спорт, туризм және фотография. Чакилевтердің алғашқы біріккен фотокөрмесіне отағасы Алексей Александрович Чакилевтің, ұлы Иван Чакилевтің, қыздары Мария Тертюхова мен Светлана Николаеваның және келіні Светлана Шамованың жұмыстары қойылған.

Мұражай түні спорт пен өнерге арналды

Отағасы Алексей Александрович жұбайы Нина Борисовнамен төрт бала тәрбиелеп, олармен бірге жүзден аса туристік маршруттарды жүріп өтті... Чакилев-үлкені - танымал фотошебер, 58 аймақтық және халықаралық көрмелерге қатысқан. Риддерде тұратын ұлдары -- фристайлдан спорт шеберлігіне кандидат. Саяхаттауды жақсы көреді, Иванның жары Светлана Шамова – жақсы фотосуретші, туризммен әуестенеді.

Мария Тертюхова. ТМД елдері спортшыларының арасында шаңғымен сальто жасаған алғашқы спортшылардың бірі, ол -- фристайл мен сноубордтан спорт шебері, әлемдегі ең үздік отыз сноубордшылар қатарына енген. Орайы келгенде айта кетейік, европалық тау пейзаждарының суреттері – фристайлдан Альпыда өткен халықаралық жарысқа қатысушы Марияға тиесілі. Ол да суретке тамаша түсіреді. Светлана Николаева – отбасының кенжесі, фристайлдан спорт шеберлігіне кандидат, Қазақстан Республикасының чемпионы.

Мұражай түні спорт пен өнерге арналды

«Музей түніне» келушілер, спорт пен өнерді өз өмірлерінде соншалықты үйлестіре білген отбасы мүшелерінің әлемнің әр жерінен түсірген фотосуреттерін қызыға тамашалады, мұражай қызметкерлері С. Перованың ырғақты жаттығуларына, осында ұйымдастырылған сұрақ-жауап викторинасына атсалысып, М. Ибраимов пен Г. Капсанованың «Спорт туралы әндер» тақырыбындағы айтыс-попуриіне, Ю.Лысаков жетекшілік ететін «Дэн-студио» әншілер тобының өнеріне, жастардың рэп, брейк сияқты билеріне, № 38 мектеп оқушыларының би, гимнастика, акробатика элементтерін үйлестіре көрсеткен шоу-қойылымдарына қызу қол шапалақтап, қолдап отырды.

Жас суретшілерді маңайына үйіріп алып, аэрографиядан шеберлік класын өткізген шемонайхалық қылқалам шебері, зілтемірші спортшы Вадим Салманхановтың өнеріне, шеберлігіне тәнті болды жиналған жұртшылық. Көрермендер музей залдарында ғана емес, автокөліктерде, тұрмыстық техника мен телефондардың беттеріне сурет салу құпиялары көздерімен көріп, тәнті болды... Сондай-ақ, Вадим бір жарым пұттық гірлерді қақпақылдап, түрлі жаттығулар да көрсетті.

Мұражай түні спорт пен өнерге арналды


Жалпы, «Музей түнінің» меймандары мұндағы шаралардың барлығына белсене қатысып, уақыттарын көңілді де қызықты өткізді, өнерден де, спорттан да көп мағлұмат алған олар түн жарымында сергек те көтеріңкі көңіл-күймен тарасты.


Айтмұхамбет Қасымов
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар