Зардап шеккендердің үйлерін қалпына келтіруді тапсырды ШҚО әкімі

(Дауыстар: 1)
Зардап шеккендердің үйлерін  қалпына келтіруді тапсырды ШҚО әкімі

Зырян ауданы бойынша су тасқынынан ең қатты зардап шеккен Снегирово ауылында үйлерді қалпына келтіру үшін аудан әкімдігіне 96 млн.теңге бөлініп, бүгінгі күні тұрғындардың баспаналарын жөндеу жұмыстары басталып кетті, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

Тасқынның салдарынан Снегирево ауылындағы 98 үйдің 72-ін су шайып кеткен. Ауылда жөндеуге келмейтін 10 үй қайтадан салынады. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, су деңгейі соңғы 32 жылда 7 метрге дейін көтеріліп көрмеген.

Зардап шеккендердің үйлерін  қалпына келтіруді тапсырды ШҚО әкімі

Снегирево ауылына арнайы барған облыс әкімі Даниал Ахметов жауапты мердігерлермен кездесіп, тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстарын 3 айда аяқтауды тапсырды.

– Қажетті қаражат бөлінді. Зырян, Абай, Бесқарағай ауданындарында зардап шеккен бірде-бір шығысқазақстандық баспанасыз қалмайды. Нақты жұмыстар жүргізіледі, – деді аймақ басшысы.

Айта кету керек, бөлінген қаржы зардап шеккен отбасылардың әрқайсысының есепшотына аударылатын болады. Қаражат тек тұрғын үйлерді тұрғызу мен жөндеу жұмыстарына бағытталады.

Естеріңізге сала кетсек, облыс бойынша су тасқыны салдарынан 256 тұрғын үй зақымдалған. Атап айтқанда, Абай ауданында – 4, Бесқарағай ауданында – 19. Ал Зырян ауданындағы 233 үйдің 188-і жөндеуді қажет етсе, 45 қайта қалпына келтіруге жарамсыз. Олардың орнына жаңа баспаналар салынады.
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар