Өскеменде салынған мешітке Халифа Алтайдың есімін беруді сұрайды ақсақалдар

(Дауыстар: 1)
Өскеменде салынған мешітке Халифа Алтайдың есімін беруді сұрайды ақсақалдар

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2012 жылы Өскеменде салынған бес мың орындық ғибадат үйіне өңір ақсақалдары Халифа Алтайдың есімін беруді сұрап отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Өскемен қаласында бүгінгі таңда төрт мешіт үзіліссіз жұмыс істеуде. Алайда соның біреуі ғана «Мұхамади» мешіті деген ресми атқа ие, қалған үш ғибадат үйінің атауы жоқ.

– Елбасының бастамасымен ғибадат үйі – «Жаңа мешіт», «Үлкен мешіт» немесе «КШТ-дағы мешіт» делініп жүр. Біздіңше, бұлай ету дұрыс емес. Ғибадат үйінің тұрақты атауы болғаны жөн деп білеміз және ислам діні үшін көп еңбек сіңіріп, елін шексіз сүйіп өткен асыл жанның жарқын істері ескеріліп, көпшіліктің қалауы, әрі сұрауы бойынша Өскемен қаласындағы облыстық мешітке Халифа Алтай есімі берілсе дейміз, – дейді қарттар.

Өскемен қаласының ақсақалдары атынан Бақдәулет қажы Мурсалимов, Рамазан қажы Түсіпов, Шәріпхан Тоқтағұлов, Мұрат қажы Телебаев, Құскен қажы Баймолдин, Аманбол қажы Қуат, Қайырбек Айжігітов, Қабдеш қажы Бопырбаев, Рахметолла қажы Смағұл осындай ұсыныс айтуда. Олардың айтуынша, соңғы кездері Халифа Алтайдың Алла тағаланың ризалығы үшін ислам дінінің қанатын кеңге жайып өркендеуіне қосқан орасан зор еңбегі көмескі тартып, ел жадынан ұмытылып барады.

Халифа Алтай (1917-2003ж.ж.) – мұсылман әлеміне кеңінен танымал есім. 1917 жылы Шығыс Түркістанда дүниеге келген. Тағдырдың жазуымен Қытайдан Түркияға дейінгі азапты сапарды кешіп өткен. 1951 жылы Пешавар қаласында қазақтар қоғамы құрылып, сонда жауапты хатшы болады. 1953-1954 жылдары Пәкістандағы қазақтардың Түркияға көшін ұйымдастыруға қатысады. 1991 жылы Қазақстанға біржолата көшіп келеді. Жүрегі үнемі елім, жерім деп соққан қайраткердің «Қазақ түріктерінің шежіресі», «Естеліктерім», «Ата жұрттан Анадолыға дейін», «Алтайдан ауған ел», «Ғылымхал», «Ғибадатүл - Ислам», «Таңдамалы хадистер жинағы», «Құран әліпбесі және иманның шарттары», «Әзірет Пайғамбар Әлейхиссаламның өмірбаяны» т.с.с. көптеген діни тақырыпта жазылған кітаптары бар. 1991 жылы Х.Алтай аударған қасиетті Құран Кәрімнің қазақша мағынасы мен түсінігі Құран Шәриф баспаханасында басылып, 800 мың данамен тегін таратылған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар