KAZ Minerals Семейдегі гематология орталығының құрылысына демеушілік жасайды

(Дауыстар: 1)
KAZ Minerals Семейдегі гематология орталығының құрылысына демеушілік жасайды
KAZ Minerals тобы Семей қаласындағы республикалық гематология орталығының құрылысына 1,2 млрд теңге бөледі. Демеушілік көмек көрсету туралы меморандумға облыс әкімі Даниал Ахметов пен KAZ Minerals тобының басқарма төрағасы Олег Новачук қол қойды, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

Аталған орталық қан жүйесі ауруларына диагностика жасауда және емдеуде (оның ішінде сүйек кемігі трансплантациялау) жоғары технологиялы әдістерді қолдану арқылы халыққа қол жетімді әрі сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Жоспар бойынша бұл Орталық еліміздегі онкогематологиялық профиль, гемостаздың бұзылуы, анемия және т.б. ауруларға шалдыққан қан және лимфо жүйе дерттері бар науқастарға медициналық көмек көрсететін бірегей клиникалық кешен болмақ.

Жобада орталықтың аумағында балаларға ата-аналарымен бірге орналасуға мүмкіндік беретін пансионат қарастырылған. Орталықтың жанында химия терапияның ауыр курстарынан өткен және сүйек кемігі трансплантацияланған науқастарға қызмет көрсететін оңалту орталығы жұмыс істейтін болады.

Соңғы бес жылда компания Шығыс Қазақстандағы түрлі әлеуметтік нысандардың құрылысы мен жөндеу жұмыстарына 5,4 млрд теңгеден астам қаражат бөлді. Топтың қаржыландыруы арқасында Өскемен қаласындағы «Восток» стадионы, Семей қаласындағы «Спартак» стадионы жөнделіп, Жезкент кентіндегі Мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтті, облыс орталығында екі хоккей модулі, Жекпе-жек сарайы, Спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат, Мемлекеттік нышандар кешені, Аягөз ауданының Ақтоғай кентінде мектепке қосымша ғимарат салынды. Сонымен қатар, облыстық ауруханасы ортопедиялық және травматологиялық операцияларға арналған жабдықтармен қамтамасыз етілді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар