ІІ Халықаралық «OSKEMEN EXPO-2014» көрмесі өтті

(Дауыстар: 1)
 ІІ Халықаралық «OSKEMEN EXPO-2014» көрмесі өтті

Өскемен қаласының «Алтай» техносаябағында ІІ Халықаралық «OSKEMEN EXPO-2014» көрмесі өтті. Бұл көрмені ғылыми-техникалық жетістіктердің тұсаукесері ретінде бағалауға әбден болады. Мақсат – жаңа «жасыл» технологияларды өмірімізге енгізу, халықаралық экономикалық және ғылыми­байланыстарды кеңейту, деп хабарлайды ШҚО Ақпарат орталығы.

 ІІ Халықаралық «OSKEMEN EXPO-2014» көрмесі өтті

Жаңа идеялар мен жобалардың, технологиялардың ғылыми және интеллектуалдық әлеуеті таныстырылған көрмеге Ұлыбритания, Канада, Ямайка, ОАР, АҚШ, Жапония, Корея, Польша елдерімен қатар, шекаралас Қытай, Ресей елдерінің кәсіпорындар мен ұйымдар, білім ордаларынан 50-ден аса ғалымдар келіп қатысты. Шетелдік меймандарды көрмеде таныстырылған инновациялық биотехнология саласындағы жаңашылдық идеялары, өнеркәсіп саласындағы демалу құрылғысы, электр энергиясыз жұмыс істейтін стационарлық тоңазытқыш сынды бірқатар жобалар тәнті етті.

 ІІ Халықаралық «OSKEMEN EXPO-2014» көрмесі өтті

Көрмеге өткізуге дайындық алдында ақпан айында әлеуетті қатысушылар арасында «Болашақ энергиясы» атты жобалар байқауы өткізілген еді. Атырау, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Өскемен, Семей қалаларынан 4 номинация бойынша 44 өтінім келіп түскен. Сарапшы топ жобаларды бағалап, қорытындысында 4 номинация бойынша жеңімпаздар анықталды.

Жас өнертапқыштар да биік белестерден көріне білді. «Болашақ энергиясымен» қатар, мектеп оқышылары мен колледж студенттері арасында «OSKEMEN EXPO Junior-2015» байқауы жарияланған болатын. Көрмеде облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов аталмыш байқауда Георга Шелеповнаның жобасын «Бедерлі өсімдік дақылдарын орнықтыру моделі» деп атады.

– Қазақстанның байлығы – оның табиғи қоры мен сол қорды тиімді пайдалана білуінде. Біз сіздермен тәжірибе алмасып, біріге жұмыс істеуге әзірміз. Болашақ энергиясының қайнар көзін табу – бүгінгі күні әлемнің барлық елдері қолға алған ауқымды жұмыс. Бұл салада Қазақстан да табысты еңбек етіп келеді, – дейді Жапониядан келген ғалым, университет доценті Акита Масахико Бешшо.

Көрме соңында байқауда үздік жобаларымен танылған бір топ болашақ ғалымдар марапатталды. Атап айтқанда, «Дәстүрлі энергетикадағы таза технологиялар» тақырыбында Александр Баклановқа, «Тау-кен саласындағы жасыл технологиялар» тақырыбында Андрей Вавиловқа, «Экотуризм» тақырыбын қаузаған жас Алмас Зайнолдинге арнаулы дипломдар табыс етілді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар