Белгілі журналист, қаламгер Дидахмет Әшімханұлы дүниеден өтті

(Дауыстар: 1)
Белгілі журналист, қаламгер Дидахмет Әшімханұлы  дүниеден өтті

Кеше журналист, қаламгер Дидахмет Әшімханұлы дүниеден өтті. Марқұмның денесі туған жері ШҚО-на жерленбек, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Достарының айтуынша жазушы денсаулығына байланысты өткен аптада емханаға жатып шыққан. «Тосыннан келген хабар барлығымызды есеңгіретіп кетті» дейді олар.

Жазушы 10 маусым 1950 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы, Жаңаүлгі ауылында дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген Д. Әшімхан еңбек жолын Шығыс Қазақстан облысы "Коммунизм туы" (1975–1976), "Лениншіл жас" (1978) газеттерінде тілші болып бастаған. Кейін "Қазақстан пионері" (қазіргі «Ұлан») (1978–1980), "Қазақ әдебиеті" (1980–1992) газеттерінде бөлім меңгерушісі, "Заман — Қазақстан" (1992–1993) газетінде бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарған.

1992–1994 жылдары халықаралық «Заман — Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі және газет редакторының орынбасары, 1994 жылы халықаралық "Түркістан" газетінде бас редактордың орынбасары болады.

1986 жылы Қазақстан Жазушылар және Қазақстан Журналистер одақтарының мүшесі болады.
2003 жылы "Ел-шежіре" қоғамдық қорының президенті, "Алаш" баспасының директоры. Бұдан өзге жазушы өзінің шығармашылық жолында «Аққабаның толқыны» (1981), «Он бірінші күз» (1987), «Каменная падь» (1990), «Жер аңсағай сары атан» (1998), «Самырсын сазы» (2000), «Әңгіме емес әңгімелер» атты әңгімелер мен повестер жинағының авторы.

Дж. Голсуорси, Дж. Лондон, Е. Шварц, А.Курчаткин, А.Аширов, Х.Абдуллин, Т.Минуллин, А.Лупан, Т.Пулатов, П. Пурэвсурен, Кришннабам Малл шығармаларын қазақ тіліне аударған танымал аудармашы. Д.Әшімхановтың аударған Молдован драматургі А. Кирийдің «Зона» пьесасы Ғ. Мүсірепов атындағы жасөспірімдер театрында 1998 жылдан сахнадан түспей келеді. Қазақстан Республикасының Жазушылар, Журналистер Одақтарының мүшесі, «Жалын» жабық бәйгесінің екі мәрте жүлдегері. 2005 жылы халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар