Облыстық сайлауалды штабының белсенділері Мемлекет басшысының Алғыс хаттарымен марапатталды

(Дауыстар: 1)
Облыстық сайлауалды штабының белсенділері Мемлекет басшысының  Алғыс хаттарымен марапатталды

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы, аймақ басшысы Даниал Ахметов биылғы сәуір айында өткен кезектен тыс Президент сайлауында айқын басымдықпен жеңіске жеткен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев облыстық сайлауалды штабының 15 мүшесіне Мемлекет басшысының Алғыс хаттарын тапсырды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауында менің сайлау науқаныма белсенді қатысқаныңыз үшін Сізге алғысымды білдіремін. Өзімнің жеңісімді мен біздің ортақ табысымыз әрі «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы мен «Қазақстан - 2050» стратегиясында белгіленген ел дамуының ұзақмерзімді басымдықтарын одан әрі ұтымды жүзеге асыруға арналған бағытты қолдау деп қабылдаймын. Сізге және Сіздің туған-туыстарыңыз бен жақындарыңызға зор денсаулық, табыстар мен игіліктер тілеймін!» - делінген Президенттің Алғыс хатында.

Облыстық сайлауалды штабының белсенділері Мемлекет басшысының  Алғыс хаттарымен марапатталды

– Қазақстан Президентінің сайлауында біз заманымыздың бірегей тұлғасына дауыс бердік. Нұрсұлтан Назарбаевтың жеңісі – баршамыздың үлкен жұмысымыздың нәтижесі. Шығыс Қазақстанда Ұлт Көшбасшысына сайлаушылардың 98,37 пайызы өз дауыстарын берді. Бұл көрсеткіш - еліміз бойынша Алматы облысы мен Астана қаласынан кейінгі үздік нәтиженің бірі, - деді аймақ басшысы Даниал Ахметов.

Елбасының Шығыс Қазақстан аймақтық сайлауалды штабының қызметіне қомақты үлесін қосып, алғысқа ие болғандардың қатарында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Шерубаев, «Қазцинк» ЖШС бас директоры Юрий Гусев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Василий Ахаев, Қазақстан-Американ еркін университетінің президенті Ережеп Мәмбетқазиев, «ҮМЗ» АҚ басқарма төрағасы Юрий Шахворостов, «Ана мен бала» орталығының директоры Рая Рахимова, Меновное ауылдық округі бойынша ардагерлер кеңесінің төрайымы Мәкен Рахимова және басқалар бар.

– Біздің облысымызда 286 мыңнан аса зейнеткерлер тұрады, - деді Василий Ахаев. – Ұлғайған жастарына және денсаулық жағдайларына қарамастан, ардагерлер биылғы 26 сәуірде белсенді азаматтық ұстанымдарын көрсетті. Олардың басым бөлігі балаларының, немерелерінің ғана емес, жалпы еліміздің жарқын болашағы үшін үш үміткердің арасынан ғана саясаткер Нұрсұлтан Әбішұлының кандидатурасын таңдап алды.

Қазіргі уақытта облыстық штабтың мүшелері Мемлекет басшысы алға қойған, азаматтардың әл-ауқатының жақсаруына бағытталған бағдарламалар мен мақсаттарды іске асыруға бар мүмкіндіктерді жұмылдыруда.
– Бүгінгі жиынға Президент сайлауында өңірдің ауыл-аймақтарын аралап, еңбек ұжымдарында болып, елмен кездесіп, үлкен жұмыстар атқарған адамдар жиналып отыр. Сол жұмыстардың нәтижесінде Мемлекет басшысы бірауыздан сайланып, қызметке қайтадан кірісті. Астанада өткен ұлықтау рәсіміне де қатыстық. Бұл үшін біз өте қуаныштымыз, әлемге осындай Президентімізбен мақтана аламыз. Әрқашан Ұлт Көшбасшысымен бірге ел дамуы жолында еселі еңбек ете береміз, - дейді облыстық кәсіподақтар кеңесінің төрайымы Нұржан Түсіпова.

Дәурен Аллабергенұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар