Бірегей «Тұлпар» сауда үйі ашылды Зайсанда

(Дауыстар: 1)
Бірегей «Тұлпар» сауда үйі ашылды Зайсанда

Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласында «Тұлпар» сауда орталығының ашылу салтанаты өтті. Кәсіпкер отбасы –Бақытгүл мен Ризабек Базикеевтардың өз күшімен салынған 3 қабатты орталықтың ашылған күні-ақ 30-дан аса саудагер орталық нүктелерінде жұмыстарын бастап кетті, деп хабарлайды ШҚО ақпарат орталығы.

Сауда үйінің ашылу салтанатына қала әкімі Д.Тожыбаев, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Қ.Биқадамов, аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің сектор меңгерушісі Е.Әдібаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы З.Дүйсенбаева, аудан ардагерлері, қала тұрғындары және кәсіпкерлер қатысты. Қала әкімі Елбасының сарабдал саясатының арқасында шағын кәсіпкерлік мемлекет тарапынан қолдау тауып, қалада бірқатар сауда орталықтары бой көтеріп келе жатқандығын мақтанышпен жеткізді.

Бірегей «Тұлпар» сауда үйі ашылды Зайсанда

– «Тұлпар» сынды зәулім ғимараттар қаламыздың көркіне көрік қосып тұрары сөзсіз. Мұндай бірегей сауда орталығының ашылуы – Зайсан қаласының жылдан жылға экономикасының кеңге қанат жайып, өркендеп, халқымыздың әл ауқатының жақсарып келе жатқанының белгісі, – деді сауда үйінің лентасын қиған Д. Тожыбаев.

Базикеевтар отбасы бұл күнді көптен күткен. Аудан бойынша алғашқы құрылысы монолитті сауда үйін тұрғызу оңай болған жоқ. Орталық 3 қабатты болғанымен, жер төлесі де сауда нүктелеріне арналған. Асханасы да кең. Бақытгүл Базикееваның айтуынша, сауда үйінің құрылысына 3 жыл кеткен.

– Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында кәсіпкерлік өркендеп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашылды. Сауда үйінің құрылыс жұмыстары 2012 жылдың мамыр айында басталған. Құрылыс материалдарының қымбаттауынан жұмыс біршама уақыт кешеуілдеді. Дегенмен, бүгінгі күні үлкен қуанышқа кенеліп отырмыз, – дейді кәсіпкер.

Мәлімет көзі:Altaynews.kz.

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар