«OSKEMEN EXPO - 2015» көрме-байқауында семейлік оқушылар жеңімпаз атанды

(Дауыстар: 1)
«OSKEMEN EXPO - 2015» көрме-байқауында семейлік оқушылар жеңімпаз атанды

ІІ Халықаралық «OSKEMEN EXPO - 2015» көрмесінде жарияланған «OSKEMEN EXPO Junior-2015» байқауында Семей қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9 сынып оқушылары Мәди Раисов мен Алия Тұманбаева жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

Өскемен қаласының «Алтай» техносаябағында ІІ Халықаралық «OSKEMEN EXPO-2014» көрмесінде әлемнің 10 елінен 50-ден аса ғалым қатысқан болатын. Бұл көрмені ғылыми-техникалық жетістіктердің тұсаукесері ретінде бағалауға әбден болады. Жаңа идеялар мен жобалардың, технологиялардың ғылыми және интеллектуалдық әлеуеті таныстырылған көрмеге Ұлыбритания, Канада, Ямайка, ОАР, АҚШ, Жапония, Корея, Польша елдерімен қатар, шекаралас Қытай, Ресей елдерінің кәсіпорындар мен ұйымдар, білім ордаларынан ғалымдар мен түрлі сала өкілдері келіп қатысты.

Көрмеде жас өнертапқыштар да биік белестерден көріне білді. Алдын-ала жарияланған «Болашақ энергиясы» байқауымен қатар, мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында «OSKEMEN EXPO Junior-2015» байқауы жарияланған. Байқауда бақтарын сынаған Семей қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9 сынып оқушылары Мәди Раисов пен Алия Тұманбаева жеңімпаз атанып, облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағановтың қолынан «Құрметті жас өнертапқыш» сертификатын алды. Айта кетерлігі, ұйымдастырушылар тарапынан оқушылардың жобаларын бейнелейтін макеттер дайындалған.

– «OSKEMEN EXPO Junior-2015» байқауы жарияланғанда жасыл технология саласында түйген ғылыми ойларымның жобасын қағазға түсірдім. Ендігі кезекте, тенологиялық жобамды тәжірибе жүзінде іске асыру жұмыстарын қолға алғым келеді, – дейді Мәди Райсов.

Айта кету керек, 2009 жылы бой көтерген білім ошағы биыл 5-ші рет өз түлектерін қанаттандырып отыр. 12 сыныптың 60% халықаралық CAT, SET, IELTS емтихандарынан жоғарғы бал жинаса, 5 бірдей оқушы үздік аттестатқа үміткер. Халықаралық интернет олимпиаданың ең үздік командасы мектеп қоржынын 148 диплом, 16 медальмен толтырса, 4 оқушы ғылыми жобалар жеңімпазы атанған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Семей, Білім

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар