Семейдің жаңа шағын ауданында 50 көппәтерлі үй тұрғызылады

(Дауыстар: 1)
Семейдің жаңа шағын ауданында 50 көппәтерлі үй тұрғызылады

Семей қаласына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Даниал Ахметов шаһардың Қарағайлы шағын ауданында алдағы уақытта жүргізілетін құрылыс жұмыстарының толыққанды жобасын даярлауды тапсырды. Аймақ басшысымен сәулетшілерге бір ай уақыт ішінде аталмыш шағын аудандағы 20 үйдің орналасу жобасын әзірлеу жұмыстары жүктелді, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

Мемлекеттік-жекеменшіктік серіктестік аясында құрылысы жүргізіліп жатқан тұрғын үйлерді аралау барысында облыс әкіміне «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ ШҚОФ-мен дайындалған Қарағайлы шағын ауданының құрылыс жобасы таныстырылды. Сәулетшілердің жоспары бойынша жаңа шағын ауданда 50-ге жуық көпқабатты үйлер тұрғызылмақ.
Семейдің жаңа шағын ауданында 50 көппәтерлі үй тұрғызылады

– Барлық құрылыс кешендерін осы жерге бағыттау керек. Келесі жылдан бастап біз бірыңғай құрылыс жұмыстарын бастауымыз тиіс. Шағын аудан сәулетті болуы қажет. 1 шілдеге дейін 10 ірі панелді, 10-15 кірпіш үйлердің жобасын әзірлеуді жүктеймін, – деді Д.Ахметов.

«ҚазҚСҒЗЖИ» АҚ ШҚОФ директоры Асфира Бегімханованың айтуынша, түрлі қаптамалы 10 үйдің жобасы бойынша жұмыстар басталып кеткен. Сонымен қатар, институттың қызметкерлерімен үйлердің бірінші қабаттарында дүкендер мен кеңселерді орналастыру жұмыстары қарастырылуда.

Қарағайлы шағын ауданы Семейдің солтүстігінде орналасқан. Мұнда бүгінгі күні Назарбаев Зияткерлік мектебі мен медициналық қызметкерлерге арналған жатақхана құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ, аталмыш шағын ауданда гематологиялық және оңалту орталықтарының екі мекемесін тұрғызу жоспарланған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Семей, Қоғам

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар