Спорттық медицинаны дамыту жұмыстары күшейтілмек Шығыс Қазақстанда

(Дауыстар: 1)
Спорттық медицинаны дамыту жұмыстары күшейтілмек Шығыс Қазақстанда

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов аймақтағы спорттық медицинаны дамыту бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Бұдан былай дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінің қызметкерлері лайықты деңгейде спортшылардың даярлығын қамтамасыз етіп, келешегінен үміт күттіретін балаларды бір орталыққа жинау жұмыстарын қолға алатын болады, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

Бұған дейін белгілі болғандай, Шығыс Қазақстанда хоккей мен футболды дамыту бойынша кешенді жұмыстар басталып кетті. Сондай-ақ, спорттың өзге де түрлерінен спорттық клубтар мен балалар-жасөспірімдер мектебін тұрғызу жұмыстары қарастырылуда. Атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы ел ішінде және халықаралық спорттық сайыстар мен турнирлерде өңір намысын асқақтатып, жоғары нәтижеге қол жеткізуге бағытталып отыр.

Осы мақсатта облыстық дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінің негізін қалау жұмыстары қайта қаралды. Нысан Өскемен қаласының оңалту орталығында орналастырылмақ. Диспансерге шеберлігі алуан спортшыларды жалпы клиникалық тексеру және оңалту мақсатында мүмкіндігі мол заманауи техника әкелінетін болады. Осы орайда облыс әкімі Д.Ахметов спорттық медицинаны дамыту бойынша диспансер басшылығына нақты тапсырмалар жүктеді.

– Біз спортшылармен жұмысты заманауи әдісте жүргізуіміз керек. Дене шынықтыру даярлығының деңгейі медициналық көрсеткіштермен анықталуы тиіс. Өңірдің барлық кәсіби спортшылары диспансерге тіркелетін болады. Сондықтан, жаттығу үрдісінде дәрігерлік қызметті қалай ұтымды жолға қою керектігі бойынша нақты ұсыныстар күтемін, – деді Д.Ахметов.

Сонымен қатар, аймақ басшысының тапсырмасы бойынша, келешегінен үміт күттіретін балаларды жинау жұмыстарын өңірдің барлық қалалары мен ауылдарын аралау арқылы диспансердің қызметкерлері жүргізетін болады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Ақпан 2017    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728 
Жаңалықтар