Аустрия мен Шығыс Қазақстан арасында экономикалық байланыстар нығая береді

(Дауыстар: 1)
Аустрия мен Шығыс Қазақстан арасында экономикалық  байланыстар нығая береді

Шығыс Қазақстанға ресми сапармен келген Аустрияның Штирия федералды жерінің делегациясы облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариковпен кездесіп, екі өңір арасында сан саладағы байланыстарды нығайтуға қатысты келіссөздер жүргізді , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бүгінде еліміздің бірқатар ірі компаниясы Аустрияның кәсіпкерлерімен тығыз қарым-қатынас орнатқанын атап өту керек. Дегенмен, келіссөздер барысында айтылғандай, екі ел, екі өңір арасындағы байланысты бұдан да жоғары деңгейге көтеруге болады. Мұны кездесу кезінде Аустрияның Қазақстандағы құрметті консулы, Sanlas-Holding Gmbh холдингінің директоры Гюнтэль Нэбель ерекше атап өтті. Оның сөзін Штирия федералды жері парламентінің президенті Франц Майцен де қолдады.

– Қазақ елі – Аустрия үшін азиялық мемлекеттер арасындағы ең жақын әрі ең сенімді әріптестердің бірі. Қазақстанның еліміздегі елшілігі ерекше белсенділік танытып, қай сала болмасын Аустрия үкіметімен тығыз іскерлік байланыс жасап келеді. Біздің ел Қазақстанмен, әсіресе, техникалық салаларда жұмыс жүргізіп, инновациялық жобаларды жүзеге асыруға мүдделі. Сондай-ақ, бүгінде екі ел арасында университеттер кооперацияларын құру, зәулім ғимараттар салу, логистика мен туризмді дамыту бағыттарында жұмыс жүргізілуде. Тағы бір мән беруге тұрарлық бағдар деп ағаш өңдеу саласын айтар едім. Біз Қазақстанда бұл істі өркендетіп, жаңа деңгейге көтеруге көмек қолын созуға әзірміз. Міне, осы салалардағы жұмыстар Шығыс Қазақстан мен Штирия арасында ғана емес, жалпы екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланысты нығайтуға мүмкіндік береді, – деді Франц Майцен.

Өз кезегінде облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков аустриялық делегация өкілдеріне алғыс білдіре келе, қос өңір арасындағы әріптестіктің баянды боларына сенімділік білдірді.

– Жақын арада бүгінгі кездесуде талқыланған мәселелер бойынша нақты жұмысқа кірісеміз деп ойлаймын. Екі өңір арасындағы тауар айналымын еселеп арттыруға болады. Мәселен, елімізде сіз айтқан ағаш өңдеу саласын өркендетуге біз де мүдделіміз. Кездесуде айтылған барлық ұсыныстарыңызды міндетті түрде аймақ басшысы Даниал Ахметовке жеткізетін боламын, – деген облыс әкімінің орынбасары аустриялық қонақтарға Шығыс Қазақстанға арнайы сапармен келгендері үшін алғыс айтып, оларға естелік сыйлықтар табыстады.

Облысымызға сапары барысында аустриялық делегация өкілдері «КЭМОНТ» АҚ өндіріс орнында болып, ондағы электр энергетикасына қажетті құрал-жабдықтар шығару үдерісімен танысты. Сондай-ақ, Штириядан келген меймандар аймақтық кәсіпкерлер палатасының мүшелерімен кездесіп, келіссөздер жүргізді. Осы кездесулер қорытындысы бойынша екі өңір басшылығы арасында әріптестік байланыс жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар