Халықаралық олимпиадалар мен сайыстардың 110 жүлдегері ҰБТ-дан босатылды Шығыс Қазақстанда

(Дауыстар: 1)
Халықаралық олимпиадалар мен сайыстардың 110 жүлдегері ҰБТ-дан босатылды Шығыс Қазақстанда

Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық турасында облыстық білім басқармасының басшысы Асқар Нұрғазиев баяндады. Оның айтуы бойынша, биыл түлектер саны өткен жылға қарағанда аз. Былтыр мектептерді 9851 бала бітірсе, осы жылы 8660 оқушы тәмамдап отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Болжам бойынша, жоғары оқу орындарына 2014 жылға қарағанда түлектер 1,3 пайызға көп түспек. Жалпы алғанда, алдын ала тестілеудің нәтижелері жаман емес, алайда, оқушылардың сабақ үлгерімі төмендеген өңірлер де бар. Ең кем үздік оқушылар саны Курчатов қаласында және Зырян, Катонқарағай, Ұлан аудандарында байқалады. «Үшке» оқығандардың басым бөлігі – Глубокое, Бородулиха, Жарма, Зырян, Ұлан аудандары мен Курчатов қаласында.

– Біз басты сынаққа әзірліктің кезеңдік жоспарын жүзеге асырып шықтық. Түлектер арасында «Алтын белгіге» үміткерлер қатары айтарлықтай ұлғайды, атап айтсақ, 3,8 пайыздан 4,5 пайызға дейін. Облыста олардың саны – 397. Ұлттық бірыңғай тестілеуден халықаралық олимпиадалар мен сайыстардың 110 жүлдегері босатылады. Былтыр мұндай оқушылардың саны 81 болған-ды, – деп атап өтті Асқар Нұрғазиев.
Сонымен қатар, басқарма басшысы осы жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу жөнінен үздік үш өңірдің қатарына қосылуға көп көңіл бөлініп отырғанын атап көрсетті. Басқарма тарапынан облыс басшылығына былтыр осындай уәде берілген болатын. Бұл үшін емтихан алдында мектеп оқушыларына айтарлықтай көмек беретін дистанциялық курстар, семинарлар мен тренингтер өткізілді, бюллетеньдер, сынамалық тест жинақтары және басқа да қолданбалы материалдар шығарылды. Алдын ала тестілеудің орташа балы облыс бойынша 83,4-ті құрады (былтыр ол 78,2 балл болатын). Мұнымен қоса, Ұлттық бірыңғай тестілеуге психологиялық тұрғыда дайындау бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Айталық, түлектердің ата-аналарына арналған конференциялар өткізіліп, ол жиындарға бес мыңнан астам адам қатысты.

Тестілеу облысымыздағы 17 пунктте 2-15 маусым күндері аралығында жүргізіледі. Биыл Курчатов, Абай аудандары мен Семей қаласында қосымша тест тапсыру пунктері ашылып отыр.

– Менің атымнан Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық мәселелері бойынша Үкімет басшысының атына хат әзірлеу қажет. Мәселен, егер оқушы ҰБТ тапсыра алмаса, ол бір жылға қайта тест тапсыру мүмкіндігінен айырылады. Біздің кезімізде түлектер мектеп емтихандарын тапсыратын, егер алғашқы реттен тапсыра алмаса, бір аптадан кейін қайта тапсырып, нәтижені түзетуге болатын. Бүгінде бұл ереже жойылған. Балаларға қайта тест тапсыру құқығын беру туралы ұсыныспен шығу керек. Тиісті негіздемесі бар хат орынбасарым Жақсылық Омардың бақылауында дайындалуы қажет, осы салада қандай олқы тұстардың, психологиялық кедергілердің бар екенін тексерген жөн. Шын мәнінде Ұлттық бірыңғай тестілеу күштік операцияға ұқсап барады, бұл іске барлық құқық қорғау құрылымдары кірістірілген. «Ұлттық бірыңғай тестілеу» атты «қойылым» басталғанда балалар мен ата-аналар алаңдап, қобалжи бастайды. Емтихан тапсыру үрдісін оңтайландырудың орнына кедергілер жасалады. Бір сөзбен айтқанда, барлық проблемалық жайттарды Премьер-Министрге жолданатын хатқа енгізу қажет, – деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Ержан Әбіш
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар