Алғашқы халықаралық «БҰҰ-ғы Титан-2015» конференциясы ШҚО-да өтуде

(Дауыстар: 1)
Алғашқы халықаралық «БҰҰ-ғы Титан-2015» конференциясы ШҚО-да өтуде

Өскеменде ХІІІ Халықаралық «БҰҰ-ғы Титан-2015» конференциясы басталды. Әлемдік титан нарығының даму тенденциясы мен дағдысы төңірегінде тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған жиынға әлемнің ірі 10 елінен 200-ден аса мамандар қатысуда, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

Халықаралық конференция биыл «Өскемен ТМК» АҚ-ның 50 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Титан өндіретін кәсіпорынның 100% өнімі әлемнің индустриалды дамыған елдеріне жөнелтіледі. Жыл сайын жаңа технологияларды қолданысқа енгізіп келе жатқан кәсіпорын Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы аясында әлемдік стандарттарға сай өнім өндіру жұмыстарында табысты еңбек етіп келеді.

Халықаралық жиында сөз сөйлеген облыс әкімі Даниал Ахметов шетелдік меймандарға ел дамуының кемел келешегін айтып өтті. "1990 жылдары Қазақстанның табысы жан басына шаққанда 700 АҚШ доллары болса, бүгінгі күні бұл көрсеткіш 14 мың АҚШ долларын құрап отыр. Алдағы 2 жылда көрсеткіш оң бағытта жаңарып, Қазақстан посткеңестік елдер ішінде дамудың бірегей үлгісін көрсетіп келеді. Әрине, ол үшін бірқатар даму жолдарын қарастыруға тура келер және бұл ретте Елбасымыз қабылдаған бес институционалдық реформа – ел дамуының жарқын келешегі", – деген Д.Ахметов Шығыс Қазақстанның индустриалық-инновациялық әлеуетін таныстырды. «Шығыс Қазақстан – алтын, мырыш, титан, мыс өндіретін еліміздің өнеркәсібі дамыған аймағы. Өңіріміздің энергетика саласында келешегі зор. Себебі, әлемдік уран қорының төрттен бірі Қазақстанда десек, оны өндіруден Шығыс Қазақстан әлем бойынша 1 орында. Өнәркәсіп саласында тәжірибе алмасып, ұйымдастырылған конференциялар қатары жаңа технологияларды біріге игеруге жол ашады деген ойдамыз. Сіздердің сапарларыңыз елдеріміздің бірлесе инновациялық дамуына маңызы зор деп білемін», – деді аймақ басшысы.

Алғашқы халықаралық «БҰҰ-ғы Титан-2015» конференциясы ШҚО-да өтуде

Екі күндік жиын барысында ТМД елдерімен қатар, Ұлыбритания, Германия, Жапония, Қытай, Польша сынды елдердің титан өнеркәсібі саласындағы мамандары титанды өндіру, өңдеу бағдарламалары, атомды энергетика, техника саласындағы қолдану тәжірибелерімен бөліспек. Шетелдік меймандар сондай-ақ, «Өскемен ТМК» АҚ жұмысымен танысатын болады.

– Біздің компания титанды өңдеп, арматура өндірумен айналысады. Серіктестік орнатсақ Қазақстандағы мұнай өндіру саласына қажетті материалдарды тасымалдауға мүмкіндігіміз бар, – дейді жапониялық компанияның бизнес-өкілі Киоко Нишимуро.

Айта кету керек, 50 жылдық мерейтойын атап өткелі отырған «Өскемен ТМК» АҚ-ның титан бойынша әлем нарығындағы үлесі – 11%, авиағарыштық салада – 17% астам. Титан өнімдеріне деген сұраныстың артуы мен әлемдік ірі кәсіпорындармен кооперация іскер серіктес ретінде комбинат беделін арттырып отыр. Кәсіпорын халықтың әлеуметтік-қоғамдық өміріне көмектесіп келеді. 2013 жылы мемлекеттік-жекеменшіктік серіктестік аясында Өскемен қаласында кәсіпорын демеушілігімен құны 1 млрд.теңгелік Б.Шаяметов атындағы медициналық орталық ашылды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар