ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасына жаңа басшы тағайындалды

(Дауыстар: 1)
ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасымен облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшылығына ҚР еңбек сіңірген құрылысшысы, ШҚО-ның Құрметті азаматы Берік Бейсекенов тағайындалды, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

Басқарма басшысын әріптестеріне Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар таныстырды.

Берік Бейсекенов - 1961 жылдың 23 ақпанында ШҚО Үржар ауданының дүниеге келген. Мамандығы - инженер-құрылысшы, заңгер. ҚХР Үрімші қаласында бас консул қызметін атқарған халықаралық байланыс саласындағы маман, дипломат.

Еңбек жолын автомобильді жолдар басқармасында мастер, прораб, бас инженер болып бастап, кейін Алматы қаласы құрылыс басқармасының басшысы болып қызмет еткен. Әр жылдары «Абылайхан» ЖШС және кеңес-түрік бірлескен «Алмаст» кәсіпорнында бас директор, Алматы облысы кеден басқармасының басшысы, «Қалжат», «Достық», «Қорғас» кеден бекеттерінің басшысы болған. Соңғы жұмыс орыны - Алматы қаласындағы «Жай-Төбе» ЖШС компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы.

Басқарма басшысы болып тағайындалған Берік Сәрсенбекұлы «Құрмет» ордені және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Саясат

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар