Бұл түлектер балы, бұрынғы кештерден өзгерек

(Дауыстар: 1)
Бұл түлектер балы, бұрынғы кештерден өзгерек

Өскемен қаласында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да ұйымдастырылған ІІ Түлектер форумы аясында өткен үлкен іс-шаралардың бірі - «Түлектер балы». Оған аталмыш университетті әр жылдары бітірген барлық түлектер шақырылды.

Ондағы мақсат - жылдар бойы көріспеген группаластарды қайта табыстыру, олардың арасындағы байланысты нығайта түсу. Университеттің әкімшілік ғимраты акт залында өткен бұл кеш бұрыңғы кештерден өзгерек болды. Әуелеген жанды музыка, кішігірім швед үстелі. Залдың ортасында көптен бері көріспеген жандар көңіл көтере билеп жүр. Осының бәрі «Түлектер кешінің» мәнін арттырып, сәнін кіргізе түскендей. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Ирина Ровнякова, бұл форумының өту формасы жыл сайын өзгеріп, түрленіп отыратынын айтып өтті. Мәселен, биыл ол бал түрінде өтсе, келесі жылы концерттік бағдарлама, одан кейінгі жылы дөңгелек үстел немесе басқосулар түрінде ұйымдастырылуы мүмкін.

Бұл түлектер балы, бұрынғы кештерден өзгерек

Кеш барысында үлкен экраннан 63 жылдық тарихы бар ЖОО-нынан түлеп ұшқан түлектердің әр жылдардағы суреттері көрсетілді. Жиналған көпшілік ақ-қара түсті фотосуреттерден өздерін, оқытушыларын көріп, бір-біріне өткен күннен естеліктер айтумен болды.

Университет түлегі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің орталық аппаратында Мемлекеттік қызмет персоналын басқару бөлімінің меңгеруші Тоқтамыс Қабдошұлы:

- Бүгінгі форумды ұйымдастырушыларға, университет ұжымы мен басшылығына рахмет айтамын. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ түлектері қоғамда өз орындарын тауып, әр салада адал қызмет жасау арқылы еліміздің өркендеуіне мол үлестерін қосып жүр. Олар Президент әкімшілігінде, Үкіметте, Парламентте, министерліктерде, әкімдіктерде, түрлі мемлекетттік немесе мемлекеттік емес қызметтерде жұмыс істеуде. Олардың дәл осы ЖОО-ның түлектері екендігін мақтан тұтамын. Бұл, әрине, оқытушыларымыздың арқасы деп білемін. Біздің ШҚМУ оқытушыларының барлығын үлкен мақтанышпен есіме алып жүремін және Отанына еңбегін сіңіріп жатқан белді-белді түлектерді қанаттандырғаны үшін алғыс айтамын. Осындай білікті ұстаздардың алдарынан өткен өзімді бақытты санаймын. І Түлектер форумына қатыса алмаған едім, осы жолы жұмыстарым көп болса да туған университетіме кіріп шығуды жөн көрдім. Өте дұрыс үрдіс, біз студенттік күндерімізді өткізген білім қабырғасын ұмытпауымыз керек, - деді.

Бұл түлектер балы, бұрынғы кештерден өзгерек

Расымен, кеш өте көңілді өтті. Биден басқа бұл кеште ойын да ойнатылды, марапаттаулар да болды. Университет дамуына қосқан үлесі үшін Виктор Маслов, Дамир Жаркенов, Людмила Кушникова, Дулат Қажанов, Шолпан Закариянова, Ольга Гайко, Дәулет Рамазанов, Досжан Тұрғанбаев, Ерлан Жакыпов, Мақсұт Тоқсанбаев, Бақытжан Қанапиянов, Шынар Сағынтаева, Венера Сағадиева, Амантай Бахыт, Анжелика Мерсиянова, Еркеш Қайырбаева, Еркін Нурекенов, Бейбіт Искаков, Мадина Карибаева, Толқын Абдрахманова, Айнұр Болаеваға Алғыс хаттар табыс етілді.

Сондай-ақ, кеш барысында түлектер факультет жетістіктері көрмесімен, университететте шыққан жаңа кітаптар мен жаңа басылымдар экспозициясымен танысып жатты. «Естеліктер және тілектер кітапшасына» студенттер өз қолдарымен туған университеттеріне ақ адал тілектері мен естеліктеріп жазып қалдырды.

Әсел Асқарқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар