ШҚО билігі мен қытайлық компанияның өкілдері серіктестіктің тиімді тұстарын талқылады

(Дауыстар: 1)
ШҚО билігі мен қытайлық компанияның өкілдері серіктестіктің тиімді тұстарын талқылады

Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов қытайлық Rifa Holding Group компаниясының өкілдерімен кездесті.

Бұл компанияның қанатының астына екі бірдей кәсіпорын кіреді. Оның бірі тоқыма өндірісіне маманданса, екіншісі металл өңдеу құрылғыларын шығарумен айналысады. Тиімді менеджменті қалыптасқан, ғылыми инновацияға негізделген бұл компания 1993 жылдан бері Қытайдың Ханчжоу қаласында жұмыс істеп келеді. Өткен жылы кәсіпорын Алматы қаласында өзінің өкілдік кеңсесін ашқан болатын. Ондағы еншілес компания Қазақстан бойынша ауыл шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды талдап, іздестірумен айналысады. Облыс әкімі Холдингтің басқарма төрағасы Ву Дзиемен Шығыс Қазақстан өңірінде аграрлық жобаларды инвестициялаудың мүмкіндіктері жөнінде әңгіме өрбітті. Бүгінде Rifa Holding Group Үрімшіде 60 мың қой өсіріп отыр. Өткен жылы компанияның капитал айналымы екі млрд. долларды құраған.

ШҚО әкімі Даниал Ахметов біздің облыстың сүт және ет өндірісіндегі әлеуетін бірлесе игеру бойынша өзара тиімді серіктестік қатынас орнатуға болатынын атады.

Марал шаруашылығы мен сапасы теңдессіз бал өндірісі де бірлескен жобаларға негіз бола алатынын айтқан облыс басшысы бұл аталған бағыттар әлеуеті зор инвесторларды қызықтыра алатын табыс көздерінің бір парасы ғана екенін жеткізді.

Сондай-ақ, аймақ басшысы қытайлық инвесторлар мен облыс арасында жақсы қатынас жолға қойылғанын атап, Rifa Holding Group компаниясы да сол қалыптасқан қатынастың нығаюына септігін тигізер деген үміт білдірді. Аталған компанияға Аягөз және Семей қалаларында ет комбинатын салу жобасын бірлесіп жүзеге асыру ұсынылып отыр. Аймақ басшысы компанияның жұмысы тоқтап тұрған холдингтің арқан өндіру зауытына қажет шикізатты Шығыс Қазақстаннан жеткізуге мүмкіндік бар екенін мәлім етті.

Қытайлық компанияға облыс орталығындағы Жібек маталар комбинатын қайта іске қосу үшін қомақты инвестиция қажет болып отырғаны да айтылды. Заманында өз саласындағы алпауыттардың бірі болған комбинат базасында алып өндіріс алаңынан бөлек жапондық және германиялық қондырғылар сол қалпында сақталған.

Кездесу соңында облыс басшысы тиісті басқарма басшыларына екіжақты серіктестіктің мүмкіндіктерін мұқият зерделеуді тапсырды. Ал Rifa Holding Group компаниясы бір айдан кейін Өскеменде өтетін Шығыстың бизнес қауымдастығы мен қытайлық әріптестердің кездесуіне шақырту алды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар