Заңдылықтың сақталуы қатаң бақылауда болады

(Дауыстар: 1)
Заңдылықтың сақталуы қатаң бақылауда болады

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың төрағалығымен Ұлан ауданының Қасым Қайсенов кентінде ШҚО әкімінің жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның көшпелі отырысы өтті.

Ең алдымен комиссия отырысына жиналған қауымды облыс басшысының орынбасары Жақсылық Омар Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, бұл жолғы комиссия отырысының ерекшелігі ретінде оның Ұлан ауданында өтіп отырғанын, өйткені, негізгі жұмыстар осындай аудандар мен қалаларда жүргізілетінін, таяуда Семей қаласы мен Абай ауданында мемлекеттік рәміздерді қолдану бойынша тексеру жүргізіліп, екі өңірде де заңдылықтардың сақталмау фактілері анықталғанына тоқталды. Атап айтқанда, Семей қаласы бойынша 17, Абай ауданы бойынша 8 кемшілік анықталыпты.

Семей қаласы әкімінің орынбасары Надежда Шарованың айтуынша, мемлекеттік рәміздерге қатысты комиссия мүшелерінің сын-ескертпелерінен келесі күні-ақ қорытынды шығарылып, кемшіліктер түзетілген көрінеді. Қаладағы мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорын басшылары қазіргі күні бұл мәселеге үлкен мән беретін болды деген қала әкімінің орынбасары енді мұндай кемшіліктердің қайталанбайтынын, мемлекеттік рәміздерді қолдану заңдылығының сақталуы қала әкімдігінің тұрақты бақылауында болатынын айтты. Жалпы, қала әкімі орынбасарының сөзіне сенсек, мемлекеттік рәміздерді кеңінен насихаттау мақсатында Семей қаласында жүйелі жұмыстар атқарылып жатқанға ұқсайды. Қалада жыл сайын 4 маусымда «Менің Қазақстаным» атты патриоттық форум өтіп, бұдан өзге жыл көлемінде «Біздің Ту», «Біздің Елтаңба», «Біздің Әнұран», «Мемлекеттік рәміздерді біл» атты акциялар жиі ұйымдастырылады.

Бұдан кейін комиссия отырысында Абай ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұлан Сағадиевтың «Абай ауданында мемлекеттік рәміздердің қолданылуы мен насихаттаудың жағдайы туралы» баяндамасы тыңдалды.

Облыстық мемлекеттік рәміздердің қолданылуын бақылау комиссиясы мамырдың 14-15-і күндері Абай ауданы бойынша 40 мекемені тексеріп, оның сегізінен кемшіліктер анықтапты. Атап айтқанда, аудандағы зейнетақы төлеу орталығы басшысының кабинеті мен орталық медицина бірлестігі басшысының кабинетіндегі Мемлекеттік Тудың, халыққа қызмет көрсету орталығы басшысының кабинетіндегі Мемлекеттік Елтаңбаның стандартқа сай емес екендігі анықталған. Сондайақ, аудандық мәслихаттың мөрі де стандартқа сай емес болып шығыпты. Осындай кемшіліктердің барлығы тез арада түзетілген көрінеді.

Ұлан Сағадиев Абай ауданында да мемлекеттік рәміздерді насихаттау бойынша жұмыстар кеңінен жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті. Былтыр Саржал ауылында жаңадан ашылған мектепте мемлекеттік рәміздер бұрышының салтанатты ашылуына Мемлекеттік Елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібеков қатысып, өз қолымен Мемлекеттік Елтаңбаны орнатыпты. Шілде айынан бастап ауданда «Біз - Қазақстан патриоттарымыз!» атты акция аясында ауыл жастары күндерін өткізу де жоспарланып отырған көрінеді.

- Абайлықтар, сіздер көрші аудандарға үлгі-өнеге көрсетулеріңіз керек. Мұндай түрлі концерттер, акциялар өзге аудандарда да өтіп жатыр. Мен сіздерден бұдан да үлкен нәрсе күтіп едім, - деді облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар. - Мемлекеттік рәміздерді комиссиясыз-ақ қадағалауымыз керек. Тіпті, мынадай отырыс өткізудің өзі ұят. Десе де, тиісті жұмыстар комиссия келер кезде ғана емес, жыл бойы жүргізілгені жөн.

«Нұр Отан» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Шерубаев мемлекеттік рәміздерге қатысты ұсыныстарын білдірді. Оның мемлекеттік рәміздердің құжат бойынша есебі жүргізіліп, жаңасын алу және ескісін өткізу кезінде акт жасалып отыруы тиіс деген ұсынысын облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар да қолдады.

Мейрамтай Иманғали
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Қоғам

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар