Ертіс көпіріндегі жол қозғалысы шектелмейді

(Дауыстар: 1)
Ертіс көпіріндегі жол қозғалысы шектелмейді

Өскемендегі Ертіс көпіріне жөндеу жұмыстары жүргізілумен қатар көпір үстіндегі алты жолақты жол қозғалысы сақталатын болды. Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов «КҚ-25» ЖШС-нің құрылысшыларына осындай міндет жүктеді.

№25 көпір құрылысы жасағының директоры Тимур Накусовтың айтуынша, ескі Ертіс көпірінің жанынан ені 14 метрлік жаңа шағын металл көпірі салынуда. Қазіргі уақытта бұл жерде бетондау жұмыстары жүргізілуде, бұл жұмыстар аяқталғаннан кейін, төрт жолақты жаңа көпірдің көліктер жүретін бөлігіне асфальттау жұмыстары басталады. Төрт жолақты жаңа көпір пайдалануға әзір болған кезде, бұларға ескі көпірдің екі жолағы жалғанады. Ал ескі көпірдің қалған төрт жолағы жөндеу жұмыстары үшін жабылады. Осылайша автомобиль қозғалысы алты жолақ бойынша жүзеге асырылады: қалаға қарай - ескі көпірдің екі жолағы мен жаңа көпірдің бір жолағы, қала сыртына қарай жаңа көпірдің үш жолағы пайдаланылады.

Осы уақытта ескі көпірдің бос жолақтарында жөндеужұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады. Ең әуелі ескі көпірдің шеткі бөліктері мен тіреуіштері, оданкейін ортаңғы бөліктері алынады. Жақтауыштық құрылғылар жаңа тіреуіштерге көлденеңінен жылжытыла отырып орнатылады. Автомобиль қозғалысына арналған қосымша төрт жолақ та осылайша әзір болады. Осы уақыттан бастап көліктер жаңа металл көпірдің үстімен жүреді, ал ескікөпірдің қалған екі жолағы жабылады. Одан кейін ортаңғы жолаққа жөндеу жұмыстары басталады. Жаңа металл құрылғының бір бөлігінің екінш құрылғыға көлденеңдеп жылжытылуы әлемде сирек кездесетін тәсіл. Бұл шамамен 10 тәуліктей уақытты алады. Осы мерзім ішінде өскемендіктердің төрт жолақты металл құрылғыны ғана пайдалануына тура келеді. Жаңа металл көпірінің (біріктірілген) ені 30 метрді құрайды. Осылайша әдеттегі алты жолақ пен жаяу жүргіншілерге арналған жолсақталатын болады. Бұған дейін Ертіс көпіріне жөндеу жұмыстарын 2016 жылдың желтоқсан айына дейін аяқтау жоспарланған-ды. Алайда, алты жолақты жол қозғалысын сақтауға байланысты жұмыс мерзіміне өзгерістер енгізіліп отыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Өскемен, Қоғам | Кілт сөдер: ертіс

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар