Халықаралық көрме Абай мұражайында басталды

(Дауыстар: 1)
Халықаралық көрме Абай мұражайында басталды

Семей қаласында Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайында 2015 жылдың 17 маусымында Германияның Кассель қаласындағы ағайынды Гриммдер музейінің «Ертегінің таңғажайып әлемі» атты көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

Көрме Абай қорық-мұражайының директоры, ф.ғ.к., доцент Ж.Әубәкірдің алғысөзімен ашылды. Көрменің ашылу салтанатына арнайы шақырылған Германия елшілігінің өкілі консулдық істері жөніндегі аташе Катарина Лихт ханым және Германия елшілігінің мәдениет және баспасөз бөлімінің қызметкері А.Малгажинова жылы лебізін жеткізіп, екі мұражай арасындағы шығармашылық байланысқа тоқталып, Абай мұражайының қызметкерлеріне алғыстарын айтып, көрме жұмысына сәттілік тіледі.

Семей қаласы әкімінің орынбасары Н.Шарова келген қонақтарға ризашылығын білдіріп, мерекемен құттықтады.

Ашылу салтанатында М.Төлебаев атындағы музыкалық колледжінің студенті Д.Ағзамова, дарынды балаларға арналған «Жас қанат» орталығының вокал-студиясының тәрбиеленушілері Абайдың әндерін орындады. Ф.Достоевский атындағы музыкалық-драма театры әртістерінің орындауында ертегілерден көріністер көрсетілді.

«Ертегінің таңғажайы әлемі» атты көрме бойынша Абай мұражайының ғылыми қызметкерлері қазақ-орыс тілдерінде экскурсиялар жүргізді.

Ағайынды Гриммдер - неміс халық мәдениетін зерттеумен айналысқан неміс лингвистері. Халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинауға өмірінің көп бөлігін арнаған ағайындылар. Ағайынды Гриммдер деген атаумен әлемге әйгіленген бірнеше жинақты жарыққа шығарды. Олар герман филологиясымен германистика саласының, неміс тіл білімінің негізін салушылар.

Олардың ертегілерінің ерекшілігі - әрбір адамға түсініктілігі мен кез-келген халықтың тұрмыс-салтына жақындығында. Сол себепті, оларды бүкіл әлем сүйіп оқиды.

Көрмеде ағайынды Гриммдер музейінің төмендегі жәдігерлері қойылған:

«Балаларға арналған үй ертегілері». Ағайынды Гриммдердің өз толықтырулары мен таңбалары қойылған жеке экземпляры. 1 және 2 том. Берлин. 1812 жыл.

«Ақша қар мен гномдар», «Гензель и Гретель», «Қоян мен кірпі», «Құс тұмсық патша», «Ұйқыдағы ару», «Бұрқасын ханшайымы», «Күлше қыз», «Ақша қар», «Қызыл телпек» және басқа да ертегілерге суретшілер В.Этцольд, Г.Хинке, К.Небель, Х.Анкер, О.Кубель, П.Меннерхайм жасаған иллюстрациялар.

18 маусымнан 1 тамызға дейін 5-15 жас балалар арасында ағайынды Гриммдер ертегілерінің желісі бойынша бейнелеу және қолөнер байқауы жарияланды. Байқау қорытындысы көрменің жабылу салтанатында анықталады және байқау жеңімпаздары Германия елшілігінің арнайы сыйлықтарымен марапатталады.

Көрме аясында ертегі желісімен түсірілген мультфильмдер, арнайы слайдтар көрсетілді. Балаларға ойындар ұйымдастырылып, ертегілердегі кейіпкерлермен естелікке фотосуреттерге түсу ұсынылды.

Абай қорық-мұражайының Ғылыми хатшысы,
С.Мұқатаева
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар