Кәсіпкер өрттен қорғау технологиясының құпиясын тапты

(Дауыстар: 1)
Кәсіпкер өрттен қорғау технологиясының құпиясын тапты

Өскемендегі «Корунд LTD» ЖШС өнімдері Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесі кешенін салып жатқан бас мердігерлердің бірі - «Mavko Kontrakschnz» ЖШС-нің құрылысқа пайдаланатын басты өңдеу материалдарына айналып отыр.

Өскемендік кәсіпкер Владимир Зелинский нанотехнология жолымен алынған өрттен қорғауға арналған өңдеу материалдарын шығаруды осыдан он бес жыл бұрын қолға алыпты. Өскемен құрылыс жол институтындағы ұнтақты металлургия кафедрасының меңгерушісі болып жүрген шақта.

Кәсіпкердің оқытушылықтан бизнеске кетіп, кәсіпорын ашуына түрткі болған - Ғылым және білім министрлігінің гранты. Сол кезде «Машинақұрастыру және тиімділігі жоғары құрал жабдықтар жасауды дамытудың ғылыми-техникалық проблемалары» атты мемлекеттік бағдарлама аясында ол ұсынған отқа жануға бейім құрылыс материалдарының өртке қарсы төтеп беру төзімділігін арттыруға арналған өңдеу өнімдерін жасау жобасы министрлік тарапынан қолдау тауып, осы жоба бойынша қаржылай грантқа ие болады. Техника ғылымдарының кандидаты сөйтіп, болашақ кәсібін 2000 жылы студенттермен бірлесе отырып бастап кетеді.

Нарық заманының енді-енді ес жиғыза бастаған жылдары еді бұл кезең. Оқытуға, өндіруге қатысты көп дүниенің тетігі табыла қоймай, өндіріс пен ғылымның арасы әбден алшақтап кеткен шақ бұл салада әркімнен талапты, талантты, білімді күтті.

1981 жылы бірнеше жас ғалым, инженерлермен бірге мемлекет, өңіраралық байланыстар аясында Томск облыстық партия комитетінің жолдамасымен көршілес Ресейден Өскемендегі құрылыс-жол институтына оқытушы етіп жіберілген Томск политехникалық университетінің металлургия ғылымының кандидаты Владимир Зелинскийдің бойында осы жетістіктердің бәрі бар еді. Жас ғалым он жылдан астам уақыттан бергі тәжірибелерінің арқасында кафедрада университеттің бетке ұстар зертханасын ашып, білім беру жүйесіне бірқатар маңызды жаңалықтар әкеледі. Соның бірі - отқа жануға бейім құрылыс материалдарының өртке төзімділігін арттыруға арналған арнайы өрттен қорғау композициялары.

-Егер олардың бойкүйездігіне жаным ауырып, сөзімнің, сарп етіп жүрген білімімнің далаға кетіп жатқанына қынжылмасам, кім біледі, әлі студенттерге дәріс оқып жүре берер ме едім? Бәрі осы өкпемнен басталды. Аумалы-төкпелі заманнан ба, әлде жастардың өзінен бе, жоқ әлде мамандықты кездейсоқ таңдағандықтарынан ба, әйтеуір мен олардың бойынан білсем, үйренсем деген талпынысты, қызығушылықты көре алмай қиналдым. Оқу орнының Образцовая көшесіндегі ғимараты дәрісханасында дәріс оқып жатқан бір күні әдеттегідей селқос отырған қыз-жігіттердің ойсыз жанарларын тағы да көріп тұрып, өнбейтін іспен емес, нәтижелі іспен айналысайын деп біржолата бизнеске кетуге бел будым. Теріс айналып терезеге қарап кеткенде басыма келген ой осы болды. Бұл уақытта жобаға бөлінген грант та жарты жолда тоқтап қалған еді, -дейді кешегі оқытушы, бүгінгі кәсіпкер Владимир Зелинский.

Университеттің өндірістік-тәжірибелік зертханасында өмірге келген жаңа жоба осылайша оқытушының өзінің қолға алуымен өндіріске жол тартып, енді ел экономикасына пайдасын тигізіп отыр. Жаңа өндірісте жеті жұмыс орны ашылған.

«Қазақстанда біздің өнімдерімізді қолданбайтын кәсіпорын кемде-кем шығар», - дейді Владимир ғаламтор арқылы сатып алып жатқан, тікелей келіп сатып алып кетіп жатқан негізгі тұтынушылардың тізімі көрсетілген беттерді парақтай отырып.

Құрылыс нысандарын салу талаптарына сай нысандарды салу материалдары (ағаш, металл құрастырмалар тағы басқа материалдар) өрттен қорғау өнімдерімен өңделуі тиіс. Кәсіпкердің айтуынша, елімізде мұндай өнімдерді өскемендік «Корундтан» басқа бірде-бір өндіріс орны шығармайды. Ақтау мен Атырауда, Алматы мен Астанада, Қарағандыда, Павлодарда, басқа да қалаларда бой көтерген, салынып жатқан, «Казцинк», «ТМК», «ҮМЗ» зауыттарының барлық құрылыс нысандары осы өндірістің өнімдерін пайдаланып келеді.

«Корунд LTD» ЖШС тұтынушыларын өнімдердің сапасы мен бағасы қызықтырады. Кәсіпкердің сөзімен айтсақ: «Бағасы - Қытайдыкі, сапасы -Қазақстандікі!» Қазіргі нарықта мұндай өңдеу өнімдерін олардың белгілеген бағасымен сатып отырған ешкім жоқ. Өзге өнімдерден өскемендік кәсіпкердің өнімдерінің жасалу технологиясы мүлде бөлек, бұл бірнеше түрлі химиялық заттардың микробөлшектерінен жаңа өнім түзіп отырған нанотехнологияның жетістігі, инновациялық өнім. Кәсіпкердің айтуынша, оны жасаудың технологиясын, дәлірек айтқанда, өңдеу композицияларын материалдың жалындап, өртенуіне жол бермейтіндей жағдайға жеткізудің құпиясын өзі ғана білетін көрінеді. Осының нәтижесінде өскемендік кәсіпкердің шағын кәсіпорнының «Спарк» сауда белгісімен шығарып отырған металға, ағашқа сіңіріп, жағылатын бірнеше түрлі тауарлары, өртке қарсы есіктері Қазақстанның түкпір-түкпірінде кеңінен қолданылып келеді.

Өнімдер Қазақстандағы техникалық реттеулер талаптары мен сапа көрсеткіштеріне сай сапа сертификаттарына ие. Республикалық төтенше жағдайлар агенттігінің азаматтық қорғаныс және өрт қауіпсіздігі жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығында мемлекеттік сертификаттаудан өткен.

Шағын кәсіпорын ұжымы бұл күндері өз өнімдерінің көлемін ұлғайта түскен. Себебі, енді өнімдердің бір бөлігі түгелдей дерлік «ЭКСПО-2017» көрмесі кешені құрылысын салуға жөнелтілмек. Жас ғалымның еңбекқорлығының нәтижесінде қазақстандық жаңа өнім қатардағы емес, қажетті тауарға айналып, елге танылып отыр.

Жанаргүл Мұқатай
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар