Көмір жеңілдетілген бағамен Өскемен тұрғындарына беріледі

(Дауыстар: 1)
Көмір жеңілдетілген бағамен Өскемен тұрғындарына беріледі

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 2009 жылдың қыркүйек айынан бері «Қаражыра ЛТД» ЖШС мен Өскемен қаласы әкімінің арасында жыл сайын жеңілдетілген көмір бағасы жөніндегі меморандумға қол қойылады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Мұндай көмірге әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасылар, еңбек және соғыс ардагерлері, мүгедектер мен қала зейнеткерлері қол жеткізе алады.

- Жыл сайын әртүрлі мекемелер мен тұрғындарға жеңілдетілген бағаға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі түрлі келісімдерге қол жеткіземіз. Бүгін «Қаражыра ЛТД» мекемесімен жеңілдетілген көмір бағасы жөніндегі меморандумға қол қойдық, - деді қала әкімі Темірбек Қасымжанов.

Естеріңізге сала кетейік, жыл сайын «Қаражыра ЛТД» мекемесі әдеттегі бағадан арзандау 40 мың тонна көмір бөліп келеді. Жыл сайынға жеңілдік қолға алынғаннан бері, барлығы 45 мың өскемендікке жалпы құны 20 млн. теңгенің көмегі көрсетілген. Сондай-ақ, қайырымдылық көмек ретінде отынға мұқтаж қала азаматтарына 100 тоннадай көмір берілген.

Айсұлу Әлиқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар