«Қазақстан бұқаралық-ақпарат құралдарында зиянды төмендету тақырыбын көрсету» атты медиа тур мен тренинг өтті

(Дауыстар: 1)
«Қазақстан бұқаралық-ақпарат құралдарында зиянды төмендету тақырыбын көрсету» атты медиа тур мен тренинг өтті

Өскеменде екі күн бойы «Қазақстан бұқаралық-ақпарат құралдарында зиянды төмендету тақырыбын көрсету» атты медиа тур мен тренинг өтті. Оған республикалық басылымдардың тілшілері, Алматы, Астана, Павлодар, Шымкент, Карағанды, Теміртау қалаларынан келген және жергілікті журналистер қатысты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Медиа тур мен тренинг «Зиянды төмендету жұмыс істейді – тек қаржыландыру қажет!» аймақтық бағдарламасының аясында ұйымдастырылды. Оны ұйымдастырушылар – Зиянды төмендету евразиялық жүйесі мен «АИВ-пен өмір сүретін адамдардың қазақстандық одағы» заңды тұлғалар бірлестігі.

–Бүгінгі шараның басты мақсаты – АИВ пен ЖИТС-нің алдын алу. Журналистер облыстық наркологиялық диспансерде орналасқан апиынды алмастыру терапиясының сайтында болып, метадон бағдарламасына қатысушылармен тілдесті. Олардың әңгімелері арқылы осы бағдарламаның қаншалықты маңыздылығы жайында мәлімет жинады. Одан кейін Өскеменде ашылған түрмеден шыққан жандарға арналған оңалту орталығында болып, «Answer» қоғамдық қорының іс-тәжірибесімен танысты. Дропинг орталықты белсенділер шетелдік гранттың көмегімен ашса, бүгінде жергілікті билік тарапынан жерге қатысты даулы мәселе туып отыр. Бұл тақырып көптеген басылымдарды қызықтырады деп ойлаймыз. Екінші мақсатымыз – есірткі қолданатындар, АИВ-пен өмір сүретін адамдар туралы жазатын журналистерге дұрыс лексиканы пайдалануды үйрету – деді «АИВ-пен өмір сүретін адамдардың қазақстандық одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің медиа консультанты, «АИВ-пен өмір сүретін адамдардың Орта Азиялық Қауымдастығы» Заңды тұлғалардың бірлестігінің коммуникациялар бойынша аймақтық маманы Марина Максимова.

«Қазақстан бұқаралық-ақпарат құралдарында зиянды төмендету тақырыбын көрсету» атты медиа тур мен тренинг өтті


Тренинг барысында Шығыс Қазақстанда зиянды төмендету бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін «Қуат» қоғамдық бірлестігінің директоры Нұрлан Сайыр қордың жұмысы жайлы әңгімелеп берді.

Қазір бірлестікте жиырма шақты қызметкер жұмыс істейді. Белсенділер негізінен әлеуметтік қызметкерлер, тренерлер, аутрич-жұмысшылар және он шақты волонтер бар. Нұрлан Сайыр қызметкерлердің тұрғындардың жәбірленген тобымен жұмыс істеуде біліктіліктерін үнемі жетілдіріп отыратынын айтты. Бірлестікте ине арқылы есірткі қолданатындардың санын азайтуға, АИВ-пен өмір сүретін адамдардың медициналық қызметке жүгінуіне қолдау қөрсету, оларға көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға, 18 жасқа толмағандар арасында нашақорлықтың алдын алуға, оларға есірткі заттарының зияны жайлы түсіндіруге бағытталған жобалар жүзеге асырылады.

Семинарда сонымен қатар тренер Марина Максимова журналистерге жәбірленген топқа жататындар туралы мақаланы қалай жазу қажеттігін үйретіп, жазған кезде қандай лексиканы қолдану жайлы кеңестерімен бөлісті.

Айна Ескенқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар