Абайдың 170 жылдығында өтетін шаралар жоспары мәлім болды

(Дауыстар: 1)
Абайдың 170 жылдығында өтетін шаралар жоспары мәлім болды

Абай Құнанбайұлының 170 жылдық мерейтойына орай, Шығыс Қазақстанда бір емес, қатарынан бірнеше мерекелік шаралар өтпек. Әрбір шара қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаған ақынның келбеті мен шығармашылығын жаңа қырынан ашады. Бұл жайлы сұхбат барысында ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар мәлім етті.

Абай Құнанбайұлының 170 жылдығына арналған мерекелік шаралар 5 тамыз күні 18:00-де Семей қаласында ҚР Еңбек сіңірген әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Абай атындағы опера және балет театрының жеке орындаушысы Шахимардан Әбіловтың және танымал Абайтанушы Ғарифолла Есімнің қатысуымен өтетін музыкалық кештен бастау алады.

6 тамызда сағат 09:00-де Елбасының қолдауымен, Мемлекеттік тілді дамыту қорының тапсырысымен «Абай әлемі» атты тұңғыш энциклопедиялық порталының ашылуы болады. Жоба аясында «Абайдың ұлы жұмбағы» атты деректі фильмінің тұсауы кесіледі. Игі бастама Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа бейбітшілікті сақтауда және дамытуда қосқан елеулі үлесі үшін табысталған әлемдік «Жібек Жолы» сыйлығының қаражатына жүзеге асырылған. Деректі фильмді түсірген «Серпер» жастар сыйлығының, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты Ақберен Елгезек пен «Tengri Films» кинокомпаниясы. Жаңа туындыда көрермен қауым Абайдың жаңа қырын біліп, алған білімі, шығыс тәрбиесі жайлы құнды деректермен танысады.

Сол күні 10:00-де «Абай және әлемдік өркениет» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді. Конференцияға шетелдік жетекші әдебиеттанушылар, философ, тарихшылар, тіл мамандары мен Абай шығармаларын әлем тілдеріне тәжімалаған шетелдік аудармашылар қатысады.

14:30-да Абай атындағы театрда «Адамзаттың Абайы» атты салтанатты шара өтеді. Артынша 15:30-да дәл осы театрда көрнекті өнер майталмандарының қатысуымен концерттік бағдарлама жалғасын табады. Мерекелік шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақындар, түркітанушылар, ғалымдар, профессорлар және Абай шығармасын аударған шетелдік жазушылар келеді.

Мерекелік шаралар 7-ші тамызда Абай ауданында жалғасады. Шара қонақтары этноауыл, мұражай-үйін, «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешенін, «Еңлік-Кебек» ескерткішін аралайды. 10:30-да Мамай батыр ескерткіші ашылады. Сондай-ақ, бұл күні Қарауылда 10:45-те Қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты, 11:00-де «Абай тойы - халық тойы» мерекелік шарасы, 12:00-де «Жорға жарыс», сынды сайыстар өтетін болады.

Жоспарланған іс-шаралар 15:00-де «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» атты Республикалық ақындар айтысына ұласады. Аламан айтыста еліміздің әр аумағынан келген 12 үздік айтыскер қатысады. Олардың арасында Серікзат Дүйсенғазин, Сара Тоқтамысова, Айнұр Тұрсынбаева, Айбек Қалиев сынды танымал айтыскерлер бар.

Ал сағат 16:00-де Қарауыл төбеде «Аламан бәйге» бастау алса, 17:00-де «Абай тойының бас палуаны» сайысы өтеді.

Облыс басшысы орынбасарының айтуы бойынша, мерейтой ағымдағы жылы өзінің ауқымдылығымен ғана емес, танымдылығымен де ерекшеленеді. Яғни әрбір қонақ Абайдың рухани және шығармашылық әлеміне сапар шеге алады.

- Абай - тек біздің ғана бай мұрамыз емес. Абай тойы барша қазақ даласына, тіпті әлемге ортақ той. Абай заманда бір рет қана болатын феномен, құбылыс. Абайды танумен ондаған жылдар бойы әлем ғалымдары айналысып келеді. Сондықтан, Ұлы Абайдың 170 жылдығына әр елдің, діннің, тілдің және ғылым саласының қабырғалы тұлғалары жиналады, - деді Ж. Омар.

Абай қазақтың ұлттық жазба әдебиетінің негізін қалаған ағартушы. Абайдың артында қазақ халқының алтын қазынасы 170 өлең, 56 аударма, поэма, 40 «Қара сөз» және көптеген әндері мен күйлері бар.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Мәдениет

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар