Білім беру тарихы мұражайы ашылады

(Дауыстар: 1)
Білім беру тарихы мұражайы ашылады

Ағымдағы жылдың қазан айында, ұстаздар күніне орай Өскемен қаласында ШҚО-ның білім беру тарихы мұражайын ашу жоспарланып отыр. Болашақ топтамалар үшін экспонаттарды жинау жұмыстары қазірден бастап жүргізілуде.

Мектеп - әр адам үшін балалық шақтың тәтті естеліктері, негізгі білім, достық, алғашқы махаббат пен алдағы өмір үшін құрылатын мақсаттардың мекені. Өмірлік бағытымызды таңдайтын кез - мектеп кезеңі. Ал ұстаздар, сыныптастар, достар - он жылда екінші отбасыңа айналып кетеді. Сондықтан, мектеп, ұстаздар мен сыныптастарға қатысты естеліктерді сақтап қалудың маңызы зор.

- Бүгінгі таңда облысымыз бойынша экспонаттарды жинау жұмыстарына белсенді түрде кірістік, - дейді тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Ирина Ровнякова. Ал «Зияткер» ҒББО жетекшісі Ирина Стеблецова. - Мұражай өз жұмысын С.Аманжолов атындағы ШҚМУ базасы негізінгде бастамақ. Мұражай экспозициялары арқасында өңір тұрғындары ШҚО бойынша мектепке дейінгі оқытудан бастап, кәсіби білім беруге дейінгі барлық деңгейдегі білім беру жүйесі қалай құрылып, дамығандығын біліп, қазіргі білім беру жүйесі жайла хабардар бола алады.

Шығыс Қазақстан облысының білім беру мұражайында әр жылдардағы кітаптар, аттестаттар, құжатнамалар, оқу құралдары, техникалық жабдықтаулар мен мектеп заттары, педагогика саласындағы ерең еңбек үшін берілген марапаттар, т.б. тарихи құндылығы бар заттар келушілер назарына ұсынылады. Сондай-ақ, еңбегі сіңген ұстаздар, ардагер мұғалімдер, новаторлардың педагогикалық қызметі, шығармашылығы мен өмірлері жайлы деректер беріледі.

«Мұражайды бірге құрайық» акциясы негізінде экспонаттарды жинау Қазақстан, 55 мекен-жайында орналасқан С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың әкімшілік ғимаратында жүргізілуде. Қосымша ақпаратты мына телефон номері арқылы біле аласыздар ‒ 8/7232/252284 (БАО).

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Білім

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар