ШҚО қызметіне салғырт қараған 5 бас дәрігер жұмыстан кетуі мүмкін

(Дауыстар: 1)
ШҚО қызметіне салғырт қараған 5 бас дәрігер жұмыстан кетуі мүмкін

Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының кеңейтілген отырысында басқарманың 1-ші жартыжалдықтағы жұмысы қортындыланды. Жиын барысында ведомства жұмысындағы бірқатар олқылықтар белгілі болды. Таяуда құзырына қарасты аумақта ана мен бала өлімі орын алғаны үшін бес бірдей ауданның бас дәрігері қызметінен кетуі мүмкін, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

Биыл 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы өз мәресіне жетеді. Алайда, аймақтың денсаулық сақтау саласындағы кейбір аудандардағы түйткілді мәселе көп. Мысалы Глубокое ауданында жұқпалы аурулардың таралуына байланысты жағдай күрделі. Ал Тарбағатай мен Күршім ауданындарында ана өлімі оқиғасы көбейіп кеткен. Сондай-ақ, Аягөз, Көкпекті, Шемонаиха аудандарына бала өлімінің көрсеткіші әлі де түспейі тұр. Жалпы аймақта өткен жылдың 6 айымен салыстырғанда биылғы жарты жылда ана өлімі 67% артқан.

Баяндамашылардың сөзін тыңдап шыққан облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар медициналық мекемелердің қызметкерлерінің мардымсыз жұмысын сын-тезіне алды:

- Сіздердің қиын да күрделі жұмыстарыңызға мемлекеттің, халықтың тарапынан талап күн санап артуда. Әрқайсыларыңыз жұмыстарыңыздың қаншалықты маңызды екенін түсінулеріңіз керек. Бәріміз де халықпен жұмыс істейміз, тек көп жағдайда Сіздер біреудің өмірі, тағдыры үшін жауапты боласыздар. Ана мен бала өлімінің алдын алуда не істедіңіздер? Кінәлі мамандарға қатысты қандай шара қолданылды? Проблемалық мәселелер шешілуі, кемшіліктер түзетілуі тиіс. Адам өмірі тұрған жерде салғырттыққа жол жоқ, жауаптылар тиісті жазасын алады,-деп шорт кесті Ж. Омар.

Тұрғындардың туберкулезбен ауруы көрсеткіші 18%-ға төмендегенмен, Тарбағатай, Зайсан, Көкпекті аудандарында жұқпалы дертке қатысты жағдай ушығып тұр. Құрт ауруынан өлім-жітім Өскемен, Глубокое, Жарма, Ұлан аударында жоғары.

Жиын нәтижесінде қызметтері сын көтермеген 5 ауданның бас дәрігерлерінің ісі ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының тәртіптік кеңесінде қаралады. Сонымен қатар, көрсеткіштері мәз емес тағы 7 ауданның бас дәрігеріне қатаң сөгіс жариялануы мүмкін. Егер сын түзелмесе, оларға да шара қолданылмақ.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар