ҚР Мемлекеттік хатшысы: «ШҚО тұрғындарының әлеуметтік жауапкершілігі зор»

(Дауыстар: 1)
ҚР Мемлекеттік хатшысы: «ШҚО тұрғындарының әлеуметтік жауапкершілігі зор»

Шығыс Қазақстан Елбасы саясатын іске асыруда үлгі танытар аймақ болып табылады. Бұл жайлы ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова «100 қадамдағы біртектілік және бірлік» атты Конституцияның 20 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференциясы барысында мәлімдеді.

Конференцияның ашылу салтанатында ШҚО әкімі Даниал Ахметов 2015 жыл облыс үшін айтулы жыл екендігін айтып өтті. Соның ішінде, аймақ әлеуетін арттыру мақсатында, бірнеше мерейтойлық мерекелер аталып өтіп, саяси реформалар енгізілуде.

Шара барысында конференцияға қатысушылар конституциялық құрылым, ұлтаралық қатынас аясында мемлекеттік саясатты іске асыру, қазақстандық біртектілікті және патриотизмді дамытуда жүргізілетін жұмыстар, Қазақстан халқы ассамблеясының «Үлкен ел - үлкен отбасы», «Менің елім» сынды кең ауқымды жобаларын іске асыру, «Мәңгілік Ел» идеясындағы құндылықтарды қазіргі оқу бағдарламасына енгізу жайлы сұрақтарды талқылады.

- Институционалды реформалар 2050 жылға дейін 30 елдің қатарына кіруге бағытталған. Қазақстан халқы Ассамблеясына осы орайда 4 реформаны іске асыруда басты рөл «Біртектілік және бірлік» бағыты жүктелген. Біздің біртектілігіміз «Елбасы, Халық, Мәңгілік ел» түсінігінде қалыптасқан. Сондай-ақ, бірлікті нығайтуда ҚР Конституциясының алар орны зор, - деді Г. Әбдіқалықова.

Конференция қорытындысы бойынша, ҚХА өкілдеріне, мемлекеттік органдарға, бизнес-құрылымдарға және Үкіметтік емес ұйымдарға бірқатар тапсырмалар жүктелді.

Айта кетсек, ШҚО-да ҚХА жылы әрбір 4-ші шығысқазақстандықтың қатысуымен 2600-ге жуық шара өткен. Соның ішінде, «ҚХА 20 игілікті іс» акциясы аясында облыс халқының қолдауымен 886 млн теңге бөлініп, қайырымдылыққа жұмсалған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Саясат

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар