Ұлы Абайдың 170 жылдығына арналған халықаралық ғылыми конференция өтті

(Дауыстар: 1)
Ұлы Абайдың 170 жылдығына арналған халықаралық ғылыми конференция өтті

2015 жылы 6 тамыз күні Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде Абай Құнанбайұлының туғанына 170 жыл толуына арналған «Абай және әлемдік өркениет» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

Конференцияға алыс және жақын шет елдерден, Қазақстаннан белгілі әдебиеттанушылар, тіл мамандары, Абай шығармаларын аударушылар, ғалымдар, түркологтар, тарихшылар және оқытушылар қатысты.
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысының негізгі бағыттары:

1. Абайдың әдеби мұрасы: тарихы және зерттелуі
2. Абай және қазақ әдеби тілінің дамуы
3. Абай дүниетанымының философиялық аспектілері
4. Абай және тарих: елтаным негіздері
5. Абай шығармаларын оқытудағы инновациялық технологиялар

Аталмыш конференцияға мұрындық болған Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті - Қазақстанның Шығыс аймағындағы көп салалы жоғары оқу орындары арасындағы ең іргелі оқу орындарының бірі. Ұзақ жылдар бойы университет ғалымдары Абайдың өмірі мен шығармашылық жолын жан-жақты зерттеумен айналысты. Мәселен, университетте «Шәкәрімтану» ғылыми-зерттеу орталығы жұмыс істейді. Орталықтың ұйымдастыруымен 2012 жылдың сәуір айында «Абай арманы» зиялылар клубы құрылды. Клубтың басты мақсаты - Алаштың астанасы болған Семей жерінің бүгінгі рухани-мәдени деңгейін көтеріп, қоғамның өзекті мәселелерін талқылау. Ең бастысы, Абай армандаған ой-идеяларды іске асырып, жастардың сана-сезіміне үлкен рухани жігер беру.

Абай - қазақтың ғана емес, адамзаттың ақыны. Ұлы ойшылдың шығармашылық мұрасы, теңдессіз дана ойлары мен шығармалары бүкіләлемдік қазынаға қосылған алтын қор екені талассыз. Заман, уақыт талабына орай Абайды жаңа қырынан тану, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуы - заңдылық.

Бүгінгі таңда Абайды тану, жас ұрпаққа насихаттау, ақынның асыл мұрасын әр тараптан зерттеп, Абайтану ғылымының керегесі кеңи түсуіне үлкен игі істер атқарылуда. Абайға арналған бүгінгі халықаралық дәрежедегі ғылыми-тәжірибелік конференция ақын мұрасын жас ұрпаққа үлгі етуді көздейді.

Биылғы мерейтойда Хакім Абайдың келбеті жаңа қырынан таныла түспек. Пленарлық мәжіліс алдында Қазақстан «Серпер» жастар сыйлығының, Мемлекеттік «Дарын», «Алтын қалам» сыйлықтарының лауреаты Ақберен Елгезектің авторлығымен түсірілген «Абай» деректі фильмінің тұсауы кесілді. Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысының «Абай» сайтының таныстырылымы өтті. Фильмді тамашалауға келген қауымның қарасы мол болды. Жиналған көпшілік алдында сөз алған ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар барша қазақ жұртын дүбірлі тоймен құттықтады.

Конференция Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ректоры, саяси ғылымдар докторы, профессор Ш.А. Әмірбековтің алғы сөзінен басталды. Конференцияға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Кенжетайұлы Ахметов; Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - ҚР Президенті әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов; ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілханов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Талғатбек Абайдилдин; ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сергей Плотников; философия ғылымдарының докторы, профессор Мақаш Алиакпаров; ҚР еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ұлықбек Есдәулет, Назарбаев университетінің вице-президенті Дайырова Қадиша сынды ғалым-қайраткерлер арнайы келіп қатысты.

Пленарлық мәжіліс барысында Қазақстан Республикасының Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісінің Кеңесшісі, Абай өлеңдерінің аудармашысы, (Түркия Республикасы) Кибар Зафер, Ресей Федерациясының және Татарстан Республикасының еңбек сіңірген ғылыми қызметкері (Ресей, Татарстан Республикасы) Миннегулов Хатип Юсупұлы; профессор, филология ғылымдарының докторы, (М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Шымкент қ.) Мырзахметов Мекемтас Мырзахметұлы; профессор, филология ғылымдарының докторы, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Жоғары педагогика мектебінің директоры, (Семей қ.) Еспенбетов Арап Сләмұлы; профессор, филология ғылымдарының докторы, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің проректоры, (Өскемен қ.) Ердембеков Бауыржан Аманкелдіұлы; филология ғылымдарының кандидаты, Республикалық Абай қорық-мұражайының директоры, (Семей қ.) Әубәкір Жандос Мағазбекұлы сынды белгілі ғалымдар ақын мұрасы жайында арнайы баяндама жасады.

Конференциядан кейін, Абай атындағы театрда «Адамзаттың Абайы» салтанатты шарасы өткізіліп, артынша көрнекті өнер майталмандарының қатысуымен концерттік бағдарлама жалғасын тапты.

Нұрсұлу Саветқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Семей, Білім | Кілт сөдер: абай құнанбаев

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар