Евгений Выблов науқас балаға ақша аударды

(Дауыстар: 1)
Евгений Выблов науқас балаға ақша аударды

Өскемендік белгілі әнші, «Х-фактор» жобасының соңғы маусымының жеңімпазы Евгений Выблов аталған ән сайысынан алған сыйақысының бір бөлігін қайырымдылыққа жұмсап, сегіз жасар Әділ Көкеновті емдетуге қажет шығынның бір бөлігін көтеріп алды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Осы уақытқа дейін 13 ота жасатқан Әділ қазіргі күні өзінің анасымен Алматыдағы білікті мамандардың бақылауында көрінеді. Әділ Мәскеуден келген хирургтің де қабылдауында болыпты.

- Бізге Женя көмек қолын созбағанда, осындай білікті маманның қабылдауында болуға мүмкіндік тумас еді. Облыстық ана мен бала орталығының директоры Рая Рахимова маған Евгений Выбловтың көмектескісі келетінін айтқанда алғашында өз құлағыма өзім сенбедім. Әрине, мен «Х-факторды» кейде тамашалайтынмын. Тіпті, Женяның жанкүйері де болдым. Бірақ, тағдырымыз осылай түйіседі деп ойламаппын, - дейді Әділдің анасы Анар Тұрымова.

Әншіден өзге Әділге Өскемендегі бірқатар компаниялардың басшылары да көмек қолын созыпты.

Әділдің анасы Женяға шексіз алғысы ретінде отбасылық бақытты бейнелейтін үш пілдің мүсінін сыйға тартыпты.

- Пілдер менің жұмыс кабинетімде тұр. Мен Әділге және оның отбасына көмектесе алғаным үшін бақыттымын, - дейді Евгений Выблов.

Облыс орталығындағы «Үміт» балалар үйінде тәрбие алған Женя мектепті бітірген соң, жоғары оқу орнына түсіп, музыкалық білім алған. Қазіргі күні ол кішкентай Әділге тағы да қол ұшын созу үшін қайырымдылық концертін беруді де ойластырып жатқан көрінеді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар