Даңқты құрылысшы тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды

(Дауыстар: 1)
Даңқты құрылысшы тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды

Құрметті құрылысшы, Социалистік Еңбек Ері Бәкір Ыбыраевқа Өскемендегі өзі тұрған үйінің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды. Тәуелсіздік даңғылы бойындағы үйдің қабырғасына қойылған ескерткіш тақтаның ашылуына Бәкір Ыбыраевтың балалары, немерелері, туған-туыстары қатысты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бәкір Ыбыраев Қарағанды облысында туғанымен, Шығысқа еңбегі көп сіңді. Риддердегі қорғасын зауытындағы біріккен цехта жұмыс істейтін бригаданы басқарды. Сонымен қатар, Өскеменде салынған өнеркәсіп орындарының барлығында дерлік Бәкір Ыбыраевтың қолтаңбасы қалды. Ол 1905 жылы Қарағанды облысы, Темірші ауылында туған. Еңбекке жеті жасынан араласып, байлардың малын бақты. 1935 жылы Риддердегі партия мектебін тәмамдады. Алматыдағы кәсіподақ қозғалысы мектебін бітіргеннен кейін біздің облыста еңбекке араласты. Бетон жұмыстарында аға шебер, «Алтайсвинецстрой» тресінде шебер болып қызмет етті. Осы уақыт ішінде бетон жұмыстарына көптеген жаңашылдық енгізді. Өскемендегі қорғасын-мырыш комбинатының түсті металлургия кешенінің алғашқы іргетасын қалауға көп үлес қосты. Және де машина жасау, конденсатор зауыттарының құрылысында еңбек етті.

Ыбыраевқа «КСРО-ның Құрметті құрылысшысы», Социалистік Еңбек Ері атақтары берілді.

- Әкеміз өте сауатты, білімді адам болған. Күнделікті жұмысына да, бала тәрбиесіне де уақыт таба білді. Барлығымызды тек адалдыққа, еңбекқорлыққа баулыды, - дейді Еңбек Ерінің ұлы Төлеген Ыбыраев.

Қоғамдық өмірге белсене араласқан Бәкір Ыбыраев бес қыз, үш ұл тәрбиелеп өсірді. Бүгінде даңқты құрылысшының он немере, бес шөбересі бар.

Мерей Қайнарұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар