Велокөпкүндік тартысты өтіп жатыр

(Дауыстар: 1)
Велокөпкүндік тартысты өтіп жатыр

16 тамызда еліміздегі ең танымал велокөпкүндік - «Қазақстан Оқушысы» жарысы басталды. Тарихы тереңде жатқан бұл бәйге осымен 46-шы мәрте өткізіліп отырғанын да естеріңізге сала кетейік. Шыдамдылықты, жігер мен жылдамдықты талап ететін жасөспірімдер жарысы биыл да біздің өңірде өтіп жатыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Кезінде осы жарысқа Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметовтің де қатысып, «Қазақстан Оқушысы» велобәйгесінің алғашқы жеңімпаздарының бірі болғанын біреу білсе, біреу білмес. Қазақстанның атын әлемге танытқан Александр Винокуров бастаған әйгілі велошабандоз жерлестеріміздің де ең алғашқы тұсауын кескен осы бәйге болатын. 23 тамызға дейін созылатын велокөпкүндікке Қазақстанмен қатар Өзбекстан мен Ресейдің де 17-18 жас аралығындағы балаң спортшылары қатысып жатыр. Жарыс жолына барлығы 115 велошабандоз шықты.

7 кезеңнен тұратын күрделі сайыстың қазір жартысы өтіп кетті. Спортшыларымыз Өскеменнің іргесіндегі 100 шақырымға дейінгі қашықтықтағы тас жолдармен жарыс көрігін қыздыру үстінде. Жуықта ғана «Қазақстан үміті» жарысында бір-бірінің шамасын байқап қалған болашақ чемпиондар тас жолдың үстінде тартысты бәсекеге түскен. Бір қызығы, өткенде біздің облыстың командасын 3 орынға сүйреп шығарған спортшы Нарұл Заманбек бұл жолы топтың ішінен көрінбеді.

Ең алғашқы кезең Шешек асуынан басталды. 88 шақырымнан тұратын бұл қашықтықтың жол бағдары Бозанбай ауылына дейін және кері бағытта деп жоспарланған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, спортшылар жолында ешқандай кедергі болмаған. Барлығы аман-есен еш жарақатсыз қайта оралды. Кіл жүйріктердің ішінен сурылып шыққан отыздықтың ел арасында ескі Шешек атанып кеткен өрге келгенде саусақпен санарлығы ғана қалды. Мәреге үзеңгі қағыстырып жеткен шабандоздардың ішінен астаналық Вадим Пронский мен Солтүстік Қазақстаннан келген Александр Овсянниковтың жарысы тартысты өтті. Секундтық айырмашылықпен алтын медаль солтүстіктің өреніне бұйырды. Үшінші болып мәре сызығын жамбылдық Дінмұхаммед Ұлысбаев кесіп өтті.

Екінші кезең тағы да Шешек асуынан басталды. Тарғын ауылына дейін және кері бағытта деп жоспарланған 86 шақырымдық жарыс жолына шыққан қалың топтың ішінен мықтылар дәл жете берген тұста ғана суырылып шықты. Мәре сызығына тағы да астаналық Вадим Пронский бірінші болып жетті, бұл жолғы жеңіс сызығын Пронскиймен қатар алматылық Олжас Баембаев бірдей болып кесіп өткен еді. Алайда, жеңіс тағдырын миллиметрлер мен секундтар шешетін бұл кезеңнің алтыны да астаналықтардың қоржынында кетті. Ресейдің Бердск қаласынан келген спортшы Даниил Чумаченко мәре сызығын үшінші болып кесті.

Жарыстың өзге де кезеңдері туралы және велокөпкүндіктің жалпы қорытындысы туралы газетіміздің алдағы нөмірлерінен оқи аласыздар.

Дарын Нұрсапаров
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Аймақтар, Спорт | Кілт сөдер: велосипедші

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар