Алғаш өткен аналар форумы дәстүрге айналмақ

(Дауыстар: 1)
Алғаш өткен аналар форумы дәстүрге айналмақ

Бала тәрбиесі мәселесі – қашан да маңызды. Әрбір ата-ана өз ұрпағының ұлағатты болғанын қалайды. Осы орайда Өскеменде «Айналайын» атты Монтессори орталығы ашылып, тұңғыш рет аналар форумы өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Италиялық ғалым, арнайы педагогикалық жүйенің авторы, педиатр-дәрігер, педагог, психолог, философ Мария Монтессоридің есімін иеленген орталықтың ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Бұлбұл Бакинова мен кәсіпкерлер, ата-аналар мен қала тұрғындары қатысты.

- Біз бала үшін барлық жағдайды жасаймыз. Өйткені, бұл - ұрпақ тәрбиесі, болашағымыздың дамуы. Бала - біздің ертеңгі кемел келешегіміз. Сондықтан да бүгінгі ашылып жатқан орталықтың маңызы өте зор. Біз бұл туралы әрдайым армандап келдік. Өмір өзгеріп жатыр, ендеше, біз де өзгеруіміз қажет, уақыт ағымынан қалмауға тиіспіз, - деген қала әкімінің орынбасары Бұлбұл Рамазанқызы осынау балаларға арналған орталықтың ашылуына атсалысқан кәсіпкерлерге үлкен ризашылығын білдірді.
Орталықтың ашылу салтанатында қалалық мәслихаттың депутаты, кәсіпкер Сергей Коротин де жылы лебізін білдіріп, өзінің сыйлығын тарту етті.

Жалпы, Мария Монтессоридің бала тәрбиесіне арналған арнайы әдістемесінің бір ғасырдан астам тарихы бар. Қазіргі таңда әлем бойынша 24 мыңнан астам мектеп пен мектепке дейінгі мекемелер осынау әдісті өздерінің іс¬-тәжірибелеріне кеңінен қолдануда. Тіпті қазіргі уақытта Монтессори орталықтары Қазақстанда да көптеп ашылуда.
Өскемендегі «Айналайын» Монтессори орталығының ашылу салтанатына Қазақстандағы Монтессори қауымдастығыңың төрайымы Ләйла Мұқашева да арнайы келіпті.

- 2005 жылы алғаш рет Монтессори орталығын Алматыда ашқан болатынбыз. Қазір мұндай орталықтар еліміздің түкпір-түкпірінде көптеп ашылып жатыр. Біздің міндетіміз – ата-аналарға көмектесу. Егер Монтессори жүйесінің ерекшелігі неде десек, ол - балаға кішкентай кезінен тұлға ретінде қарап, құрметтеу, сыйлау. Өйткені, Мария Монтессоридің көзқарасынша, адам өмірінің ең маңызды кезеңі университетте оқыған жылдары емес, дүниеге келгеннен алты жасқа дейінгі өмірінің бір бөлігі. Өйткені, бұл адам зердесінің іргетасы қалыптасатын кез. Сондықтан әрбір ата-ана баланың алты жасқа дейінгі өміріне ерекше жауапкершілікпен қарағаны жөн. Ал қалған уақытта біз соның нәтижесін ғана ие боламыз, - дейді Қазақстандағы Монтессори қауымдастығының төрайымы Ләйла Мұқашева.

Бір атап айтарлығы, бағдарлама 1-7 жас аралығындағы балаларға арналған.

- «Айналайын» Монтессори орталығының алдына қойған негізгі мақсаты – әр баланың қабілетін ашып, оларды бақытты ету. Зердені дамыту мен оқытудың заманауи үздік үлгісіне қол жеткізу, инновациялық технологияларды енгізіп, білім сапасын жақсарту, - дейді «Айналайын» Монтессори орталығының жетекшісі Жанар Мұхаметқалиева. Оның айтуынша, орталық халықаралық Монтессори қауымдастығының стандарттары бойынша жабдықталып, педагог-мұғалімдер де арнайы курстан өткізілген көрінеді.

Әрине, орталық қызметі ақылы. Төленетін қызмет ақысы баланың жасы мен орталықта қанша уақыт болғанына тікелей байланысты. Қазіргі күні орталыққа 50-ден астам ата-ана жазылып та үлгеріпті.

-Мен баламның жан-жақты дамыған азамат болып өскенін қалаймын. Сондықтан да осы орталыққа бірінші болып жазылдық, - дейді өскемендік ана Альфия Арғынова.

Түстен кейін жаңадан ашылған «Айналайын» Монтессори орталығының ұйтқы болуымен Өскеменде тұңғыш рет аналар форумы өтті. Форумға жиналған ата-аналар бала тәрбиесіне қатысты өздерін толғандырған сауалдарын білікті мамандарға қойып, ақыл-кеңестер алды.

-Биылғы жылдың мамыр айында «Анашым» атты осындай аналар форумын Алматыда өткізген болатынбыз. Өскемендегі аналар форумын сол форумның заңды жалғасы десе де болады. Мынау өмірде аналарды толғандыратын мәселелер өте көп. Сондықтан да қазақстандық аналарға мұндай шаралардың берері өте көп, - дейді форумның қонағы, КТК телеарнасындағы «Астарлы ақиқат» бағдарламасының жүргізушісі, Қазақстандағы тұңғыш аналар форумының ұйымдастырушысы Дина Төлепберген.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, осынау игілікті шара енді игі дәстүрге айналмақ.

Мейрамтай Иманғали
Мәлімет көзі: Altaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар