Омарта шаруашылығы өркендеп келеді

(Дауыстар: 1)
Омарта шаруашылығы өркендеп келеді

КСРО-да Қазақстан Ресей, Украина және Белорусиядан кейін бал өндірісінің көлемі бойынша төртінші орынды алған.
Сол кезде Қазақстанда 500 мыңға жуық ара ұяшықтары болған, өндірістік балдың көп бөлігі Оңтүстік Корея, Германияға және басқа да европа елдеріне экспортқа жіберіліп тұрған. Омарта орталығы Шығыс Қазақстан болып табылған, мұнда ірі шаруашылықтарда 40 мыңға жуық ара ұяшықтары тіркелген.

КСРО құлағаннан кейін Қазақстан омарташылығы құлдырай түсті. Қазақстан әлемдік бал нарығында өзінің деңгейін түсіріп алды. Ірі шаруашылықтар жоңышқа, эспарцет және басқа да балды өсімдіктерді егуді қойды. Балға деген сұраныс төмендеді.
2010 жылы еліміз омарта шаруашылығын дамытуға бетбұрды. «Бал-ара» Ұлттық омарташылар одағы құрылды және омарта шаруашылығын жандандырудың бірқатар бағдарламасы әзірленді.
Бұл бағдарламаның стратегиялық мақсаты – Қазақстанды омарташылық державаға айналдыру болды және 10 жыл ішінде әлемдік жетекші бал өндірушілердің ондығына кіруді жоспарлады.
Ол үшін ең алдымен атқарылатын жұмыстар:
- тұқымды зауыттар мен омарталар құру;
- «балды конвейерді» жандандыру;
- Қазақстанда омарта өнімдерін сатуды және насихатты ұлғайту;
- Бал экспортын реттеу.

Омарта шаруашылығын дамыту еліміздің ауыл шаруашылығын дамытудың жоспарымен байланыстырыла түсті. Ұзақ мерзімді жобалардың бірі – сортаң топырақтардың бір бөлшегіне донник және басқа да балды өсімдіктер (мұндай жерлер 5 млн. жуық) егілді және олар ауыл шаруашылығының айналымына қайтарылды.
Алдағы жылдары 50 ауылда ірі омарталарды құру жоспарланып отыр. Олар заманауи қазақстандық омарташылықтың негізі болмақ.
2010 жылдан бастап облыста халықаралық бал фестивальдері өткізілуде. 2013 жылдың тамызында Өскеменде сондай фестивальдердің бірі өткен.

Глубокое ауданының табиғаты бай әрі алуан. Аудандағы далалық жазық жердің 70% таулы аймақта орналасқан орман құрайды.
Қалың орман және таулы аймақтағы балды флора балдың эксклюзивті сұрыпына бай және омарта шаруашылығын жүргізгенге қолайлы жер. Себебі осы жерде Бобровка ауылында Қазақстан және Сібірдің омарта шаруашылығы жанданғаны тектен тек емес.
Соңғы 4-5 жылда атаулы саланың көрсеткіштері жаман емес. Ауданда 7 тұқымды омарта ұйымдастырылған. Өскемен қ. шетелден келген көптеген делегация өкілдерінің қатысуымен 4 халықаралық бал фестивалі өткен. Көптеген омарташылар Израиль, Польша, Турция сияқты елдерде тәжірибе алмасып қайтқан. Айтатын болсақ, олар Буньковтар, Гусляковтар, Шуликолар, Касымбаевалар, Терещенколар отбасы.

Соңғы үш жылда омартамен айналысушылар саны арта түскені байқалады. Ағымдағы жылы 1,5 мыңға дейін ара ұяшықтары артып, ол 10 мың ара ұяшықтарына дейін жеткен.

Сондықтан, ауданда орта және ірі 359 омарта бар. Жылына омарташылар 1150 тонна тауарлы бал жинайды, олар жергілікті сауда орындары мен жәрмеңкелерде жүзеге асырылады.

Соңғы жылдары омарташылар жоғары сапалы өніммен Астана, Шымкент, Қызылорда, Петропавл қалаларына барып қайтқан.
Жапондықтармен заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған зертхана құрылған, мұнда аралардың ауруының диагностикасын жүргізуге болады.

Шығыс Қазақстан, солтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында оқушылар балмен қамтамасыз етілген.
Ауданда ара шаруашылығын дамытудың мақсаты – халықты омарта өнімімен толық қамтасыз ету.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz


Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Қаңтар 2017    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
Жаңалықтар