Сегіз қырлы, бір сырлы өнер иесі

(Дауыстар: 1)
Сегіз қырлы, бір сырлы өнер иесі

2015 жылғы 26 тамыз күні Шығыс Қазақстан өнер мұражайында Ресей Суретшілер одағының және Халықаралық суретшілер қауымдастығының мүшесі, сондай-ақ, Ресей фольклорлық одағының мүшесі, Новосибирск казактары атаманының мәдениет жөніндегі орынбасары Александр Кайманаковтың «Туған жерім...» атты жеке сурет көрмесі ашылды.

Александр Кайманаковтың жеке көрмесі «Туған жерім – алтын бесігім» деген терең мағынаны білдіретін сөз тіркесінің алғашқы бөлігімен - «Туған жерім...» деп аталды. Өйткені, суретші - біздің жерлесіміз, 1971 жылы Риддерде (ол кезде Лениногор қаласы) туған.

Александр Геннадьевич қазір Новосибирск қаласында тұрады және жұмыс істейді. Ол Новосибирск технология институтының (Москва мемлекеттік дизайн және технология университетінің филиалы) доценті, көркемсурет пәндерінен сабақ береді. Александр туған жерінде жиі болады. 1983 жылдан болашақ суретші өзінің ғұмырлық кәсібіне жолын бастайды: ол бес жыл бойы Анатолий Артемьевич Акимовтың жетекшілігімен қалалық көркемсурет мектебінде оқыды. Мектепті аяқтаған соң Александр НМПУ-нің көркемсурет-графика факультетіне түседі. Міне, дәл сол кезде ол новосибирскілік фольклорлық қауымдастықпен, оның мүшелерімен танысады.

Орыс фольклорын зерттеу мен орындау - А.Кайманаковтың бүгінгі шығармашылық өмірінің ажырамас бөлігі. Ол фольклор түрлері мен жанрларының барлық түрін дерлік меңгерген. Ән салады, билейді, ойнайды: кешкі көңіл көтеру ойындарынан бастап, халық театрының сахнасына дейін ойнайды. Жұдырықтасумен де, салт-дәстүрлік шығармашылықтың барлық түрлерімен де таныс. Александр – Ресейдің таңдаулы аңыз-жыр айтушыларының бірі. Оның тәжірибесінде халықтық драма да, Петрушка театры мен әзілқой шал да бар. 2013 жылы ол Иранда өткен Халықаралық ертегішілер байқауында жеңімпаз атанды.

Бүгін осындай тамаша фольклоршы, көрермендер алдында шебер суретші – график ретінде көрінді. Оның суреттерінде фольклорлық образдар жиі кездеседі – ашық түсті, тартымды. Этнографиялық шығармаларында олардың киімдері нақты, қалпына келтіріле бейнеленген. Казактар тақырыбына да суретшінің көптеген жұмыстары арналған. Реалистік пейзаждар да мол. Басқатырғышты шешкендей шешкің келіп тұратын аллегориялық натюрморттардың келушілерді қызықтыратындығы сөзсіз. Жұмыстары литография, линогравюра, тушь-қалам, акварель техникаларымен орындалған.

Көрменің ашылу салтанатында қылқалам шеберін Ресей Федерациясының Өскемендегі Бас консулы С.В.Анненков, өскемендік «Бастеньки», Предгорное селосынан арнайы келген «Товарки» фольклорлық ансамбльдері, көптеген достары мен өнер сүйер қауым өкілдері құттықтап, жылы лебіздерін білдірді, ән мен биден шашу шашты. Суретшінің өзі де олармен бірге ән салып, би билеп, жиналған қауымға ертегілер айтып берді. Қызықты көрмені өскемендіктер мен қала қонақтары әлі бір ай тамашалай алады.

Айтмұхамбет Қасымов, ШҚ өнер мұражайының қызметкері
Мәлімет көзі: altaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар