ШҚО-да жылына 30 мың тонна құс етін өндіретін жаңа фабриканың құрылысы жоспарлануда

(Дауыстар: 1)
ШҚО-да жылына 30 мың тонна құс етін өндіретін жаңа фабриканың құрылысы жоспарлануда

ШҚО Үржар ауданында жылына 30 мың тонна ет өндіретін жаңа құс фабрикасының құрылысы жоспарлануда. ШҚО әкімі Даниал Ахметов Чехияның «Бауэр Техникс» компаниясының өкілдерімен кездесу барысында, жаңа жабриканың жобасын талқылады, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

Жылына 30 мың тонна ет өнімін шығаратын құс фабрикасы Үржар ауданында салынады деп жоспарлануда. Аталмыш инвестициялық жобаны жүзеге асыру құс етін сырттан әкелуді азайту сынды мемлекеттік маңызы зор тапсырманы шешеді.

–Инвестициялық жоба бойынша, біз бизнес-жоспар құрдық. Азық базасымен қамтамасыз ету мақсатында, біздің тарапымыздан 30 мың га жер және 6 мың га суармалы жер бөлінетін болады. Тиісінше инфрақұрылыммен де қамтимыз, – деді Даниал Ахметов.

«Бауэр Техникс» компаниясының коммерциялық директоры Карл Ликарже, бұл жобаға қатысуға дайын екендіктерін жеткізді. Сондай-ақ, бизнес-жоспармен танысып, облыс әкімдігінің тиісті мекемелерімен тығыз жұмыс істеген соң, жақын уақытта тұжырымды ұсыныстарын беретіндіктерін баса айтты.

«Бауэр Техникс» компаниясы мал шаруашылығы және азық өнеркәсібі саласындағы ірі жобаларды жүзеге асырумен айналысатынын айта кету керек. Компания Дания, Ресей, Украина, Беларусия және Словакия елдерінде құс фермаларын, сүт-сауда және шошөа фермаларын салған.

Ақпарат көзі: ШҚО Ақпараттық орталығы

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Қаңтар 2017    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
Жаңалықтар