ШҚО-да Жапониядан әкелінген «Хиросиманың бейбітшілік тасы» ескерткішінің ашылу салтанатында 15 000-ға жуық адам қатысты

(Дауыстар: 1)
ШҚО-да Жапониядан әкелінген «Хиросиманың бейбітшілік тасы» ескерткішінің ашылу салтанатында 15 000-ға жуық адам қатысты

Семей қаласында қарудан бас тартқан күнге орай Түйемойнақ аралында 15 000-ға жуық адамның қатысуымен «Бейбітшілік акциясы» өтіп, Жапониядан әкелінген салмағы 100 кг, биіктігі 3 метр құрайтын «Хиросиманың бейбітшілік тасы» ескерткіші орнатылды, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталы.

Қала тұрғындары, аймақ қонақтары қатысқан акцияға сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы Жапонияның Төтенше және өкілетті елшісі Камахара Масаёси және «Бейбітшілік Тасы» Ассоциациясы сынды халықаралық ұйымдардың өкілдері келді.

– Елбасымыздың тапсырмасымен бүгінгі күні полигонның зардаптарын жойып, халықтың денсаулығын жақсарту үшін мемлекет тарапынан біраз істер атқарылып жатыр. Осы орайда ҚР Тұңғыш Президенті Қорының қаржыландыруымен сауықтыру орталығының құрылысы жоспарлануда. Тұрғындар денсаулығын жақсарту мақсатында шетелдік әріптестердің, соның ішінде Жапония үкіметінің атқарған жұмысы зор. Біз ядролық қару зардаптарын жақсы білеміз және болашақта сондай қиыншылықтардың болмауы үшін бірлесе жұмыс жасауымыз қажет. Осы орайда, акцияға қатысушыларға, қала тұрғындарына,облыс басшылығы атынан алғыс білдіре отырып, митинг жұмысына табыс тілеймін, – деді Жақсылық Омар.

Түйемойнақ аралына орнатылған «Хиросиманың бейбітшілік тасын» Жапонияның «Киодо Цушин» ақпараттық агенттігі жанындағы «Хиросиманың бейбітшілік тасы» үкіметтік емес қоры Хиросима мен Нагасаки қалаларындағы жарылыстың 70 жылдығына орай Семей қаласына әкелген. Ескерткіште бейбітшілік нышаны Каннон құдайының келбеті бейнеленген.

Сонымен қатар, шара барысында қонақтар Ұлттық ядролық орталықтың облыстық тарихи-өлкетану мұражайының кітапханасында сақталып келе жатқан мұрағат құжаттармен танысты.

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар