Өскеменде ҚР Конституциясының 20 жылдығына орай бал фестивалі өтуде

(Дауыстар: 1)
Өскеменде ҚР Конституциясының 20 жылдығына орай бал фестивалі өтуде

Өскемен қаласында ҚР Конституциясының 20 жылдығына орай Қазақстанның 4 аймағынан келген 120 омарташының қатысуымен бал фестивалі өтуде. Фестиваль барысында сатылымға 61 тонна бал қойылды, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар және Алматы облыстарының үздік омарташылары Өскемен қаласының Республика алаңында бал фестиваліне қатысуда. Бұл жерде бірнеше шатыр құрылып, әрбір тұрғын төмен бағамен балауыз, балтозаң сынды бал өнімдерін төмен бағамен сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар, фестиваль барысында «Алтай табиғатының сыйы» атты жәрмеңке өтіп, табиғи, сапалы көкөніс, жеміс-жидек, емдік шипалы шөп, тосап сатылымға қойылады.

Табиғи сапалы бал өнімдерін сатып алушылар арасында ШҚО әкімі Даниал Ахметов болып, Глубокое ауданы «Рукавицын» омарта шаруа қожалығының балын сатып алды.

Айта кетсек, Өскемен қаласында бал фестивалін өткізу дәстүрі осыдан 15 жыл бұрын басталған. Бүгінгі күні республика бойынша балдың 72 %-ы ШҚО-да өндіріледі.

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар