Белағаштықтар жетістігі

(Дауыстар: 1)
Ата Заңымыздың 20 жылдығы қарсаңында 20 тамызда Астанадағы ХХVII халықаралық экономикалық форумада Елорда төрінде өткен алқалы басқосу барысында ел экономикасына елеулі үлес қосып жүрген бірнеше сала басшылары мен мамандары марапатталған болатын.

Қазақстан, Ресей, Украина, Беларусь, Әзербайжан мен Гүржістан елдерінен келген 900-ге жуық кәсіпорын өкілдеріне Ұлттық бизнес рейтингі бағдарламасының нәтижесі бойынша арнайы сый-сияпат табысталған еді. ТМД елдерінің үздік мекемелерінің әртүрлі рейтингілік көрсеткіштерін саралаған шарада жүлдеге қол жеткізген жүрдектер сапында Шығыс өңіріндегі табыс пен жетістік жағынан қамшы салдырмайтын Ахмет Хафизұлы Матаев басқаратын Бородулиха ауданының «Новая заря» шаруа қожалығы» ЖШС «Сала көшбасшысы - 2015» Ұлттық сертификатымен, ал, сонымен қатар, «Сала көшбасшысы - 2015» қабырғалық естелік медалімен марапатталды.

Осы басқосуда отандық экономиканы дамытуға үлес қосқан сала басшысы ретінде Ахмет Хафизұлы Матаев «Экономика мақтанышы» Дербес Орденімен марапатталды. Сол секілді, ұжымдағы қызмет жолындағы жетістіктері мен саладағы ұзақ жыл жасаған еңбегінің нәтижесінде «Новая заря» шаруа қожалығы» ЖШС бас есепшісінің орынбасары Татьяна Андреевна Владимирова «Кәсіби еңбегі үшін» медалімен марапатталса, ««Новая заря» шаруа қожалығы» ЖШС егістік жөніндегі есепшісі Татьяна Геннадьевна Артамоноваға «Жыл маманы - 2015» Ұлттық сертификаты табысталды,- дейді Ахмет Хафизұлы бойын керген мақтанышпен.

- Бізге көрсетілген құрмет барлық ұжым мүшелерінің еңбектерінің арқасы, осы жеткен жетістіктеріміз жаңа күш жігермен аудан экономикасына елеулі үлес қосуымызға міндеттейді және де атап өткенімдей, бұл біздің ұжымымыз үшін зор қуаныш. Ел экономикасын ауылшаруашылығы саласында дамыту жолындағы еңбегіміздің осындай жоғары дәрежеде құрметтеліп, бағалануы үлкен мерей, болашақ күнге зор сенім сыйлайды.

Біз осындай жақсы да, жағымды жаңалықты жұртқа жаяр жергілікті журналист ретінде «Новая заря» шаруа қожалығы» ЖШС директоры Ахмет Хафизұлы Матаев пен оның ұжымын шын жүректен аудан жұртшылығы атынан құттықтаймыз!

Қуаныш ұзағынан сүйсіндірсін деп тілейік!

Серік Әбілқасымұлы, Бақытжан Махин
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар