Семей әртістері Франция халқына қазақтың төл өнерін паш етті

(Дауыстар: 2)
Семей әртістері Франция халқына қазақтың төл өнерін паш етті

Биылғы жылдың тамыз айында Франция елінде өткен әлем елдерінің «Мәдениет және Дәстүр» атты Халықаралық фестиваліне Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының «Кербез» фольклорлы ансамблі өнер көрсетіп, гексагон елін таңқалдырып келді.

Осыдан 90 жыл бұрын Семей өңірінің тумасы, еліміздің мәдени және тарихи болмысындағы ірі тұлға Әміре Қашаубаев Парижде өткен дүниежүзілік көрмеде болған этнографиялық концертке қатысып, тыңдаушыларын тәнті қылған болатын.

Ұлы өнер иесі атындағы филармония 70 жылдық мерейтойы қарсаңында сонау Франция елінде 140 жыл өтіп келе жатқан әлем халықтарының мәдениеті мен дәстүріне арналған фестивалге қатысып, халқымыздың төл өнерімен таныстырды.

Тілге тиек етсек, фестивалге Қазақ елімен қатар Кения, Эквадор, АҚШ, Аргентина, Лаос, Румыния, Колумбия, Индонезия, Италия, Мексика, Испания сияқты елдер қатысты.

Фольклоршылар фестивалінің ашылу салтанаты Париждан 450 шақырым жерде орналасқан Блан қаласында басталып, Конфоле, Кюганд қалаларында жалғасын тапты. Әртістеріміз күніне сегіз мың көрерменге концерт қойып, халқымыздың құрметтейтін, ежелден келе жатқан дәстүрі «Беташар», «Бесікке салу» рәсімін көрсетті.

«Кербез» фольклорлы ансамблінің әншісі Мапруза Өтеленованың орындауында «Сәулем-ай», «Бипыл», «Дедімай-ау», «Дудар-ай» әндері шырқалды. Айта кетсек, Мәриям Жәгөрқызы Мапрузаның нағашы әжесі болып келеді. Сонымен қатар, Ұлы хакім Абайдың «Төр жорға» күйі, Семейлік композиторлар Кенжебек Алдекеновтің «Жаңа ғасыр» және Рахымбек Ноғайбаевтың «Атамекен» күйлері орындалды. Құрманғазының «Балбырауын» күйі Павлодарлық «Шернияз» би тобының мың бұралған биімен көркемделді. Дәулеткерейдің «Қос алқа» күйіне Астаналық «Ару-ай» тобының бишілері ұлттық әшекейлерімізді көрсетіп, француздықтарға оның философиялық, эстетикалық мән-мағынасын түсіндіріп өтті. Концерттік бағдарлама соңында халқымыздың буын биі «Қара жорға» биленді.

Фестиваль соңында «Кербез» фольклорлы ансамблінің жетекшісі Гүлбахрам Мұсабекова, дәстүрлі әнші Қазақстан Республикасы «Мәдениет қайраткері» Толғанбай Сембаев, Қазақстан Республикасы «Мәдениет қайраткері», «Шапағат» медалінің иегері Мапруза Өтеленова, дәстүрлі әнші Алтын Смасейітова, Айжан Салиева, Нұрлан Төкей, Аманғайша Қалиева, Алмагүл Малғаждароваларға арнайы сертификаттар табысталды. Блан қаласының мэрі «Кербез» фольклорлы ансамбліне арнайы Блан қаласының медалін және кітабын табыс етіп, Қазақ халқына бақ-береке тіледі.

Енді дәстүрлі орындаушыларымыз Бразилия еліне шақырту алып отыр. Өнерлерің өрлей берсін деп төл өнеріміздің қас шеберлеріне ақ жол тілейміз!

Анар Қуанғалиева, Семей қаласының мәдениет
және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар