Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде өтемақы алу үшін онлайн түрде өтінішті беруге болады

(Дауыстар: 1)
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде өтемақы алу үшін онлайн түрде өтінішті беруге болады

Әлеуметтік желілерде ҚТҚЖБ салымшыларының арасында дүрбелең туғызған ақпарат пайда болды. Бұл хабарламада Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің клиенттерін электронды-сандық қол алуға асығуға шақырған. Әйтпесе, өтемақыдан қағылатыны айтылған.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің баспасөз қызметінің айтуынша, қазір азаматтарға бағамдық айырмашылық төлеу тетіктері әзірленіп жатыр. Жақын арада ол жария болмақ. Тиісті төлемдерді алу үшін, 2015 жылдың 18 тамызына дейін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде депозит ашқан азаматтар өтініш беріп, ТҚЖ шартының қосымша келісімін жасауы керек.

Арнайы банктік шот ашу талап етілмейді. Банкте бір жыл депозит сақтаған жағдайда бағамдық айырмашылық есептеледі.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына өтемақы төлеуге онлайн-режимде өтініш беруге болады. Осы қызмет көрсету түрі азаматтарға қолайлы болуы үшін әзірленді және электронды-сандық қолдың болуын қарастырады.

Банктің ескертуі бойынша, анонимді және әлеуметтік желі арқылы таралған ақпараттар ресми ақпарат болып табылмайды. Сондықтан, салымшыларды арандатушылыққа ұрынбауға шақырады. Өтініш қабылдаудың уақыты туралы барлық қажетті ақпарат ресми БАҚ-та ресми түрде қосымша хабарланады. Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жұмысы өтемақы алуға бәрі бірдей дер кезінде құжат тапсыруға үлгеретіндей уақыт ішінде ұйымдастырылатын болады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар