Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі

(Дауыстар: 1)
Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі

ШҚО Бородулиха ауданындағы СӨС қатысты барша шараның басы-қасында Ү.Эфендиев басқаратын Бородулиха АОА ұжымы жүретіні көз үйренген қалыпты оқиғаға айналды. Жақында аудан орталығында өткен «СӨС «Иә» деп айт» «Денсаулық Фестивалі - 2015» осы мекеменың белсене қатысуымен әрі аудан әкімінің орынбасары Р.Атаеваның ұтымды ұйымдастырумен өтті.

«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығымен қабылданды.

Бағдарламаның мақсаты - еліміздің орнықты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту.

Бағдарламаның өзекті міндеттері мыналар болып саналады:

Азаматтардың денсаулығын сақтау және санитарлық-эпидемиялық саламаттылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту:

Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін дамыту және жетілдіру;

медициналық және фармацевтикалық білімді жетілдіру, медицина ғылымын және фармацевтикалық қызметті дамыту десек, оның бұқаралық сипатын жыл сайын тұрақты түрде өтетін республикалық кең көлемді акция «Денсаулық Фестивалі» паш етеді» дейді Рыскүл Абузарқызы.

Иә, осы бағдарламада талай нәрсе айтылған, «Салауаты Өмыр Салтына «Иә» деп айт» «Денсаулық Фестивалі - 2015» Бородулиха ауылындағы орталық стадионда барлық жастағы тұрғындарды жиды. Осы салтанатты бұқаралық жиынды аудан әкімінің орынбасары Р.Атаева ашып, СӨС қазақ қоғамындағы орнын кеңінен тарқата сөз етіп, өмірдің мәнді де, сәнді болуы денсаулыққа қатысты екендігін баса айтып, барша жиналған қауымды аудан басшылығы атынан бұқаралық мерекемен құттықтады.

Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі

Іле жалпыхалықтық бой сергітуде Н.Островский атындағы ОМ жоғары сынып оқушылары музыкамен әрленген флэш-моб ұйымдастырды. Оның ізін ала 7-11 сынып оқушылары мен барша жастағыларды қамтыған шағын футбол, баскетбол, спорттық би, армреслинг, бұқаралық жүгіріс сынды спорттық жарыстар болып өтті. Спорттық жарыстар мәресіне жеткен соң, белсене қатысушылар мараппатталды. Дәрігер қауымы осы бәсекеге қатысушылардың жарақат алып қалмауын ескеріп, жедел медициналық бригаданы сақадай сай етті. Бірақ спортшылардың ешқайсы олардың көмегіне жүрінген жоқ.

Ү.Эфендиев басқаратын Бородулиха АОА ұжымы «Денсаулық қалашығын» құрып, кәсіби дәрігер мамандар қан қысымы, дене салмағы сынды жұртты алаңдататын мәселелерге өз кеңестерін беріп, флюорографиялық зерттемелер жүргізді. Ал, «Денсаулық бұрышында» кең тараған ауру түрлерінің алдын алуға байланысты ақпараттық-ағартушылық мәліметтер жұрт назарына ұсынылды. Біз сөзге тартқан Бородулиха АОА Психологы Э.Н. Калиева: "Міне, осымен 16 жыл республиканың барлық аймақтарында «Денсаулық Фестивалі» өткізіліп келеді. Осы уақыт аралығында ол нағыз халықтық мерекеге айналды. Бұдан біздің аудан тұрғындары да тыс қалып отырған жоқ. Жерлестеріміз денсаулықтың зор байлық екенін түсіне бастады", - деді.

Денсаулық - тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені үнемі ширықтыру, шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухыңды шыңдау - бәрі де денсаулыққа қызмет етеді десек қателеспейміз.

Қазіргі уақыттағы әлеуметтік - экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің құлдырауы және экологиялық қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл халқының, әсіресе, өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсерін тигізуде. Осы мәселе «СӨС «Иә» деп айт» «Денсаулық Фестивалі - 2015»-те аудан басшылығы мен өңір дәрігерлерінің жіті назарныда екенін таныта білді.

"Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі" деп тегін айтылмаған. Біз бұған Бородулиха ауылындағы жалпы халықтық мерекеде көз жеткіздік.

Ә-С.Әліәкбар
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар