«Реал Мадрид» тәжірибесі бойынша жаттықтыратын футбол академиясы ШҚО-да құрылады

(Дауыстар: 1)
«Реал Мадрид» тәжірибесі бойынша жаттықтыратын футбол академиясы ШҚО-да құрылады

Кеше Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов Шығыс Қазақстанға ресми сапармен келген испандық «SOXNA» консалтингтік компаниясының президенті Луис Алсинамен кездесті. Кездесу барысында Өскеменде кәсіби футбол академиясын құру жөніндегі меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Атақты «Реал Мадрид» футбол клубының тәжірибесі негізінде жұмыс істейтін академияда бастапқыда 100 бала оқып, футбол негіздерін үйренетін болады. Кейіннен тәлімгерлердің санын 200-ге дейін жеткізуге болады дейді мамандар.

Облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Елдос Чикеновтың айтуынша, академияға алғашқыда 12-15 жас аралығындағы 100 бала қабылданады. Бұл балалар жас ерекшелігіне қарай екі топқа бөлінеді. Өз кезегінде бұл топтар да екіге бөлініп, осының нәтижесінде академияда әрқайсысында 25 ойыншысы бар төрт бірдей команда пайда болмақ. Аталмыш командалармен жеке бапкерлері, сонымен қатар, физикалық дайындық жөніндегі жаттықтырушылар жұмыс жүргізеді. Ал бұлардың үстінен аға бапкер қадағалау жасап отырады деп жоспарлануда.

Ең бастысы, бұл мамандардың барлығы Испаниядан келеді. Дегенмен, академияға қабылданған балалармен отандық жаттықтырушылар да жұмыс істемек. Бұл туралы кездесуде сөз алған «SOXNA» компаниясының президенті Луис Алсина да ерекше атап өтті.

- Біріншіден, біздің компанияны таңдағандарыңызға алғыс айтқымыз келеді. Бұл келісім екі тарапқа да мол пайда әкеледі деп сенемін. Академияда біздің елдің жеті маманы жұмыс істейтін болады. Олар балаларды ең алдымен футболдың негіздеріне үйретеді. Содан кейін, біртіндеп тактика, доппен жұмыс, физикалық әзірлік сияқты футболдың ажырамас бөлшектеріне мән беріле бастайды. Жалпы, біз Өскеменге келмес бұрын, Астана мен Алматы қалаларында болып, жергілікті футболдың ахуалымен танысып қайттық. Біздің мақсат - доп тепкен балалардың санын көбейту арқылы қазақ футболының атын шығару. Бұған барлық алғышарт бар. Мен мұқият іріктеу жұмыстары нәтижесінде болашақта Месси сияқты әлемдік аренада жарқырап, елдеріңіздің абыройын асқақтататын балалар табылатынына кәміл сенемін, - деді шетелдік мейман.

Өз кезегінде аймақ басшысы Даниал Ахметов мұндай әріптестіктен біз тек қана ұтатынымызды жасырмады.

- Жалпы, академия жанындағы интернат 100 балаға шақталады. Егер жаңа оқу-жаттығу орнының жұмысы ойдағыдай болып, қарқынды жүргізілсе, оған қолдауды аямай көрсетеміз. Сондай-ақ, тағы бір ерекше ден қоятын нәрсе, академияға балалар тек Өскемен мен оның маңайындағы елді мекендерден ғана емес, бүкіл аудандардан, әр қала мен ауылдан іріктелуі шарт. Бұл жұмыстан облысымыздың ешбір елді мекені тыс қалмауы тиіс, - деді облыс әкімі.

Кездесу соңында тараптар Шығыс Қазақстанда кәсіби футбол академиясын құру жөніндегі меморандумға қол қойды.

Атап өтер жәйт, 12-15 жас аралығындағы балаларды іріктеу жұмыстары алдағы қазан айында басталмақ. Мамандардың айтуынша, Өскеменде орналасатын академия есіктері еліміздің кез келген өңірінен келемін деушілерге ашық болады. Аймақ басшысының тапсырмасы бойынша алдағы уақытта облыс орталығында жабық футбол манежі де салынбақ.

Нұржан Кенжеұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар