Ұлы Абайға 170 жыл мерейтойына арналған дөңгелек үстел өтті

(Дауыстар: 1)
Ұлы Абайға 170 жыл мерейтойына арналған дөңгелек үстел өтті

2015 жылдың 15 қыркүйек күні Өскемен қаласында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ мен С. Аманжолов атындағы ШҚМУ бірлестікте ұйымдастырған Ұлы Абайға 170 жыл мерейтойына арналған «Абай даналығының мәйегі - Мәңгілік ел» атты дөңгелек үстел «Назарбаевтану ғылыми-білім беру орталығында» өтті.

Дөңгелек үстел отырысында институт қызметкерлері Сейлхан А., ф.ғ.к., ББСБ кафедрасының меңгерушісі «Абай шығармашылығы ұлттық құндылықтардың көрінісі (Эстетикалық категориялар)», Зайсанбаева Г., ф.ғ.к., ТТжӘ кафедрасының меңгерушісі «Абай тағлымдары және білім берудегі аксиологиялық бағыт», Игибаева А., профессор, ф.ғ.к., «Жас ұрпақ бойындағы рухани құндылықтар қалыптастырудағы Абай тағлымының рөлі», Нугуманов Б., ББСБ кафедрасының аға оқытушысы «Абай поэзиясындағы адамгершілік, ізгілік мәселелері» тақырыптарын көтерді.

Шараға Шығыс Қазақстан облысының 50-ден астам мұғалімдері қатысты. Шара аясында Абай тағылымының бүгінгі ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы, ақын шығармаларында ұлттық-рухани құндылықтардың көрініс табуы, заманауи білім берудегі аксиологиялық бағыттың Абай шығармаларымен үндесуі, ізгілік, ақынның гуманизм бағытындағы ойлары ортаға салынып, педагогтер тарапынан қызу талқыға түсті. Шараға қатысушылар заман өзгерсе де, қазақ баласы үшін Абай шығармаларының мәңгілік құндылығына тағы бір куә болғандай.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Өскемен, Мәдениет | Кілт сөдер: абай құнанбаев

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Қаңтар 2017    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
Жаңалықтар