Қаладағы үйлер жылу маусымына дайын ба?

(Дауыстар: 1)
Қаладағы үйлер жылу маусымына дайын ба?

Өскемен қаласындағы жылу қабылдауға әзір тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға қыркүйектен бастап жылу беріліп жатыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«Ана мен бала орталығы», кейбір заңды тұлғалар мен жекелеген тұрғын үйлерден басқа нысандар жылуға қосылмағанымен, қазір Өскемендегі орталық жылу желілеріне қосылған 1602 көпқабатты тұрғын үйлердің 81 пайызы жылыту маусымына әзір.

- Былтырғы осы кезеңде үйлердің 61 пайызы ғана жылыту маусымына әзір болғандығын ескерсек, биыл пәтер иелері кооперативтері жұмыстарын ширатып, жақсы әзірлік жүргізді, - деді облыс орталығындағы нысандардың қысқа дайындығы жөнінде өткен брифингте «Өскемен жылу жүйелері» АҚ техникалық директоры Александр Сурченко. - «Өскемен жылу жүйелері» дайындық актісін алған нысандардың бәріне жылу жеткізуге даяр. Дәл қазір бізді алаңдатып отырған мәселе - 19 ықшам ауданға тартылып жатқан жылу құбырлары құрылысын мерзімінде аяқтап, ол жерлердегі жаңадан салынған көпқабатты үйлерге жылуды дер уақытында беру. Қазір ол жұмыстар жеделдете жүргізіліп жатыр. Облыс әкімі тапсырған мерзімге дейін аяқталуы тиіс.

Тұтынушылардың өтінімі бойынша қыркүйектен бастап беріле бастайтын жылу «Жылыту маусымына дайындық актісі» барлардың бәріне бірдей беріле бермейді. Оған ортақ есептеу құралдарын орнатқан тұтынушылар ғана қосылмақ. Ал жылыту маусымы ресми түрде ауа температурасы үш күн бойы 10 градус жылылықты көрсеткен уақыттан бастап, алдағы он күндіктегі ауа райының болжамын (күннің суытатынын) есепке ала отырып басталады. Яғни, қазанның 5-і немесе 10-ы деген арнайы белгіленген күн жоқ.

Бүгінде Өскемен бойынша жалпыға ортақ жылу есептеу құралдарын 181 тұрғын үй мен мекеме ғана орнатқан, яғни, тұтынушылардың 19 пайызы. Құны 300-400 мың теңге тұратын, орнатуы мен тексеріп отыру шараларын қосқанда 700 мың теңгеге дейін баратын есептеу құралын орнатуға қала тұрғындары құлықсыз болып отыр.

Жылу есептеу құралдарын орнату - үнемділіктің, артық шығын шығармаудың бірден-бір кепілі. «Өскемен жылу жүйелері» АҚ техникалық директоры Александр Сурченко кәсіпорынның 2015 жылдың қаңтарынан бастап жылу мен ыстық су бағасының тарифін көтеруге өтінім даярлап жатқанын мәлім етті. 5 жылдық ұзақ мерзімге арналған жаңа тариф бойынша жылу бағасы бірнеше пайызға көтерілмек.

Өскемен қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Асқар Жақсылықовтың айтуынша, қазіргі күні қаладағы білім беру және денсаулық сақтау нысандары қысқы жағдайда жұмыс істеуге, жылыту маусымына 100 пайыз әзір.

Жанаргүл Мұқатай
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар