«Абай оқулары» республикалық байқауы өтті

(Дауыстар: 1)
«Абай оқулары» республикалық байқауы өтті

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті үстіміздегі жылғы 23 қыркүйекте Семей қаласында Қазақстан халқы тілдерінің республикалық фестивалі аясында және Ұлы ақын Абайдың 170 жылдық мерейтойына сәйкес Қазақстанның этнос жастары өкілдері арасында дәстүрлі «Абай оқулары» республикалық байқауын өткізді.

«Абай оқулары» байқауына еліміздің 14 облысынан және Астана, Алматы қалаларынан облыстық, қалалық деңгейде өткізілген байқаулардың жеңімпаздары (барлығы 16 үміткер) қатысты.

Республикалық кезеңнің аясында байқауға қатысушылар өз білімдері мен шеберліктерін келесі тапсырмалар бойынша көрсетті:

- Абай шығармаларын (білім, ғылым және өнер тақырыптарына өрілген поэзиялық шығармасын немесе қара сөзін) жатқа оқыды;
- «Абай жолы» роман-эпопеясынан үзіндіні көркемсөз оқу талаптарына сай шеберлікпен орындады;
- Абай әндерін немесе халық әндерін шырқады.

«Абай оқулары» республикалық байқауы өтті

Байқау қатысушыларының жұмысы мен жеңімпаздарын Абайтанушы ғалымдар мен тіл жанашырларынан тұратын қазылар алқасы бағалап, анықтады. Оларды диплом, алғыс хаттар және ірі көлемдегі ақшалай сыйлықтармен марапаттады. Сонымен Бас жүлдені жеңіп алған Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы- Мауленқұл Мавлуда Мамыржанқызы - 170 000 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықпен марапатталса, 1-орынды иеленген Шығыс Қазақстан облысы Кульнева Мария Николаевна - 140 000 теңгені, 2-орынды иеленген Ақмола облысы - Сломинская Анастасия Вальеревна - 110 000 теңгені, 3-орынды иеленген Атырау облысынан келген Михайлова Наталья Алексейқызы - 90 000 мың теңгені қанжығасына байлады. Байқауға белсене қатысқан 4 үміткерге алғыс хаттар беріліп 50 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық алды. Олар: Батыс Қазақстан облысы - Карнаухов Владислав Александрович; Қостанай облысы - Смаковая Анастасия Петровна; Қызылорда облысы - Мурсалова Чинар Мердясқызы; Павлодар облысы - Коструба Дина, ал қалған үміткерлер қатысқаны үшін 30 000 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы алды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Семей, Мәдениет | Кілт сөдер: абай құнанбаев

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар