Инновациялық гранттар. Технологияларды коммерциаландырудағы жаңалық

(Дауыстар: 1)
Инновациялық гранттар. Технологияларды коммерциаландырудағы жаңалық

Инновацияларды және жаңа технологияларды енгізумен байланысты индустриалдық-инновациялық қызметті дамыту еліміздегі экономикалық өсім мен бәсекеге қабілеттіліктің маңызды факторларының бірі болып табылады.

Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін тәжірибеде, өндірісте қолданумен байланысты қызмет «технологияларды коммерциаландыру» ұғымымен белгіленген.

Өз кезегінде, мемлекет тарапынан еліміздің экономикасын дамыту мақсатында технологияларды коммерциаландыру тиімділігін арттыру бағытында қолайлы жағдай туғызуға, соның ішінде заңнамалық нормаларды жетілдіру, индустриалдық-инновациялық қызмет субъектілеріне қолдау көрсету шаралар кешені жүргізіледі.

«Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 қадамы» іске асырудың бір бағыты 2015 жылдың 6 мамырында Астанада Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Президенті Нұрсултан Назарбаевпен белгіленген «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерциаландыру туралы» Заңын әзірлеу болып табылады.

Осы Заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне қарастырылуға берілген. Жалпы Заң Қазақстан Республикасындағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерциаландыру жүйесі қызметін жүзеге асырумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттеуді, сонымен қатар коммерциализация үрдістері мен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерциаландыруды кепілді мемлекеттік қолдау механизмін қарастырады.

Ағымдағы жылдың қыркүйегінде 2015 жылдың 27 ақпанында Қазақстан Республикасының инвестиция және даму бойынша Министрінің №210 бұйрығымен бекітілген технологияларды коммерциаландыруға арналған инновациялық гранттарды беру Қағидалары заңдық күшіне енді.

1. Технологияларды коммерциаландыруға арналған инновациялық гранттарды беру Қағидаларына сәйкес инновациялық гранттар жобаны іске асырудың мынадай кезең шығындардың бір бөлігін төлеу түрінде беріледі:

1) бірінші кезең: өнімнің тәжірибелік лабораториялық үлгісін жасау;
2) екінші кезең: өнімнің эксперементалдық өнеркәсіптік үлгісін жасау;
3) үшінші кезең: өнімнің тесттік топтамасын шығару және сату.

Жобаны іске асыру кезеңдеріне байланысты Қағидада грант суммасы, гранттың жұмсалу мерзімі және оның мақсаттық пайдаланылуы қарастырылған.

Қағидада өтінімді қарау тәртібі, шарттары мен кезеңдері, құжаттар тізімдері, өтінім үлгілері және оған қосымшаланатын құжаттар қатары анық бекітілген.

Өтінім берушіге алдын-ала өтінімді қарастыру кезінде гранттық қаржыландыру және инновациялық грантты беру немесе грантты бермеу туралы ұсынысты шығару бойынша комиссияның отырысында өз жобасын қорғау мүмкіндігі берілген.

Инновациялық гранттарды алуға алдын-ала өтінімдерді қабылдау «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ жылына 2 реттен кем емес іске асырылады, алдын-ала өтінімдерді қабылдау, уақыты мен тәртібі «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ ресми сайтында natd.gov.kz және БАҚ жарияланады.

Инновациялық гранттарды алу бойынша ақпараттар мен кеңестер беру, өтінім құжаттарын дайындаудағы ерекшеліктерді түсіндіру қызметтерін «Алтай» Шығыс Қазақстан аймақтық технопаркі көрсетеді (Өскемен, Серікбаев к-сі 37, 8(7232) 711-378, 700-102 e-mail: altaytechnopark@gmail.com).

Инновациялық гранттар бойынша ақпарат пен кеңестер беру мақсатында «Алтай» технопаркінде кеңес беру орталығы қызмет етеді 8 (7232) 405-707.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Ақпан 2017    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728 
Жаңалықтар